Еліміздің 6 қаласында ауа сапасы нашарлайды
Еліміздің 6 қаласында ауа сапасы нашарлайды
130
оқылды
«Қазгидромет» РМК еліміздің  қалаларындағы ауа сапасының метеорологиялық ахуалы туралы мәлімдеді. Синоптиктердің мәліметі бойынша, 2 қаңтар күні Шымкент, Петропавл, Қызылорда, Қостанай, Көкшетау, Павлодар қалаларында қолайсыз метеожағдай қалыптасады. Қазақстанның өзге шаһарларында ауа ластанбайды. Қолайсыз метеорологиялық жағдай – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.