Қатты аязға байланысты еліміздің 6 өңірінде ескерту жарияланды

Қатты аязға байланысты еліміздің 6 өңірінде ескерту жарияланды

Еліміздің 6 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды. Қазгидрометтің болжамы бойынша 2 қаңтарда Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Оралда тұман күтіледі. 2-4 қаңтарда Түркістан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, жаяу бұрқасын соғады, шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с жетеді. Шымкентте 2-4 қаңтарда кей уақытта тұман түсуі мүмкін.  Түркістан қаласында 2-4 қаңтарда түнде және таңертең тұман болады. 2 қаңтарда Ақмола облысында кей жерлерде тұман түсуі мүмкін. 2-3 қаңтарда түнде Ақмола облысында минус 32-37, кей жерлерде 42 градус қатты аяз болады. Сонымен қатар, 2-3 қаңтарда Павлодар облысында да 35-40 градус аяз болып, кей жерлерде 43 градусқа жетуі мүмкін. Қарағанды облысында да 32-37, кей жерлерінде 42 градусқа дейін аяз болуы мүмкін.