Мәскеу метросында Мұқағалидің өлеңдері жазылған вагон пайда болды (Видео)
Мәскеу метросында Мұқағалидің өлеңдері жазылған вагон пайда болды (Видео)
5,225
оқылды

ЕАЭО бесжылдығы құрметіне арнайы пойыз жасалған.

Бұл туралы 24kz хабарлады. Еуразиялық экономикалық одақтың құрылуына бес жыл толу құрметіне Мәскеу метросы арнайы пойыз құрап шыққан. Одаққа мүше елдер Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғыз Республикасы мен Ресейге бір-бірден тақырыптық вагон берілген. Олардың ішінде сол елдердің өндірісі, ЖІӨ өсу көрсеткіші, ұлттық тағамдары мен ұлы адамдары жайлы ақпарат берілген.

Қазақстан вагонында Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, «Бәйтерек» ғарыш айлағы туралы деректері мен ет асудың рецепті жазылған.

https://youtu.be/5KDqF4aSn6Q