2021 жылы туған сәбилердің қанша жыл өмір сүретініне болжам жасалды
2021 жылы туған сәбилердің қанша жыл өмір сүретініне болжам жасалды
БҰҰ-ның ЮНИСЕФ балалар қоры   2021 жылы әлемдегі бала туу көрсеткішіне болжам жасады. Сарапшылардың пікірі бойынша, биыл туған балалар ХХІІ ғасырды қарсы алады. 2021 жылы шамамен 140 миллион сәби дүниеге келеді. Олардың орташа жас ұзақтығы - 84. Демек, олардың көбі 2100 жылды қарсы алып, ХХІІ ғасырдың басына куә болады. "Бүгін дүниеге келген балалар бір жыл бұрынғыдан мүлдем өзгеше әлемге түседі. 2021-ді балалар үшін әділетті, қауіпсіз және сау әлем құрыла бастаған жыл етейік", – деді ЮНИСЕФ атқарушы директоры Генриетта Фор.