Мемлекет басшысы Салық кодексіне өзгеріс енгізу туралы заңға қол қойды
Мемлекет басшысы Салық кодексіне өзгеріс енгізу туралы заңға қол қойды
Мемлекет басшысы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына экология мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды. Сонымен қатар Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне күзет қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңына және Қазақстан Республикасының Экология кодексіне қол қойды. Заң мәтіндері баспасөзде жарияланады, – деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.