300 келі балық аулаған браконьерлер ұсталды
300 келі балық аулаған браконьерлер ұсталды

Қапшағай су қоймасында заңсыз балық аулаған браконьерлер құрықталды. Бұл туралы Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет хабарлады.

«Браконьер» жедел алдын алу шарасы аясында Алматы облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекцияның мемлекеттік инспекторлары Қапшағай су қоймасының балық аулау аумағында тіркеусіз нөмірі жоқ аспалы екі қайықта заңсыз балық аулаған браконьерлерді құрықтады.

Заң бұзушылар тыйым салынған аулау құралын қолданып 300 келі балық аулаған. Оның 249 келісі көксерке балығы, 51 келісі табан балығы. Балық ресурсына келтірілген шығынның сомасы 1 005 902 теңгені құрайды. Аталмыш факты СДТБТ-де тіркеліп, ҚР ҚК 335 бабының 1 бөлімі бойынша екі қылмыстық іс қозғалды.