Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтарға зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алуға мүмкіндік беретін заңға қол қойды. "Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экономикалық өсуді қалпына келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", - деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.