Ақтау қаласының әкімі көше сыпырушылардың еңбегін бағалап, ерекше құрмет көрсетті
Ақтау қаласының әкімі көше сыпырушылардың еңбегін бағалап, ерекше құрмет көрсетті
328
оқылды
Жаңа жыл қарсаңында қала әкімі Нұрдәулет Қилыбай  жұмысшыларды арнайы құттықтап, алғыс хат табыстады.

Ақтау қаласы әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, қазір "Қала жолдары" мекемесінде қызмет ететін 400-ден астам жұмысшы Ақтаудың көшелерін сыпырады, суағарларды тазалайды, жиектастарды ақтайды, аялдамаларды жуады, қоқыстарды жинайды. Яғни, таңмен таласа тұрады. Отбасы қамынан соң, қаланың тазалығына кіріседі. Ел ұйқыда жатқанда бар істі тындыруға тырысады. Кенеттен марапатқа ие болғандар  ризашылығын білдірді.

 "Үлкен алғысымды айтамын, еңбегімізді елеп жатыр. Қуанып тұрмын. Бала-шағамызға жаңа жылдық сыйлықтар да бар. Өзім 13 жылдан бері осы қызметте жұмыс істеп келемін. Әрине, оңай емес, жұмыс ауыр. Аптасына бес күн сегіз сағат бойы далада жүреміз. Қолымыздан сыпырғы түспейді. Барлық жұмысшылардың атынан рақметімді айтамын. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Алдағы күндерден жақсылық күтеміз. Ертеңгі күннен үмітіміз мол", – дейді Гүлстан Оразбаева.

Осылайша, 20-ға жуық жұмысшы қала әкімінің Алғыс хатына ие болды. Айта кетейік, биыл "Қала жолдары" ЖШС қызметкерлерінің жалақысы 25%-ға артқан болатын.

 width= width=