Жаңа жылды жұмыста қарсы алған дәрігерлердің суреті қазақстандықтардың жүрегін елжіретті
Жаңа жылды жұмыста қарсы алған дәрігерлердің суреті қазақстандықтардың жүрегін елжіретті
135
оқылды
Қостанай облысының Денсаулық сақтау басқармасы Instagram-дағы парақшасында жұқпалы аурулар орталығынан фотосуреттер жариялады. Кадра жаңа жылды жұмыста қарсы алған медбикелер қорғаныш киімдерімен тұр.
"Жүзге жуық қостанайлық  жаңа жылды Қостанай облыстық ауруханасының инфекциялық орталығында қарсы алды. Оның ішінде біздің дәрігерлер, медбикелер, санитарлар бар. Пациенттер мен медицина қызметкерлерінің тілегі бір ғой. Инфекциялық стационар кезекшілері қостанайлықтарды Жаңа жылмен құттықтайды және ауырып жатқандарға сауығып кетуді, ал қалғандарының ауырмауын тілейді", – деп жазылған фото сипаттамасында.
Желі қолданушылары дәрігерлерге  ақ тілегін арнады.