5 айлық сәбидің бауырын ауыстырып берген қазақ дәрігері шетелде танымал болды – видео
5 айлық сәбидің бауырын ауыстырып берген қазақ дәрігері шетелде танымал болды – видео
221
оқылды
Беларусь елінде 5 айлық сәбидің бауырын ауыстырып берген қазақ дәрігері, трансплантолог Рахымжан Үмбетжанов Қазақстанға ғана емес, көрші елдерге де танылды. Ол Минск бұқаралық ақпарат құралдарының ерекше назарына ілікті. Шетелдік БАҚ қазақ дәрігері туралы  жарыса жазып жатыр. Шымкент әкімдігінің баспасөз қызметі Facebook парақшасында жас маман туралы мәлімет жариялады.
31 жастағы Рахымжан Үмбетжанов Шымкенттегі №1 қалалық клиникалық емхананың гипатобилярлы хирургия және трансплантология бөлімінде бірінші санатты хирург-дәрігер, трансплантолог болып жұмыс істейді. Алматы қаласындағы Асфендияров атындағы медицина университетінде білім алған азамат кейін Беларусьтің Минск қаласында клиникалық ординатура мамандығы бойынша оқуын жалғастырып, білімін шыңдамақ ниетте.  width=Рахымжан Үмбетжанов Шымкентте жұмыс істеген 3 жылда 173  трансплатациялық ота жасауға қатысқан. Оның 150-і бүйрекке, 23-і бауырға жасалды. Ақ халатты абзал жан мұнымен тоқтап қалмай, біліктілігін шыңдай түсу үшін мемлекеттік бағдарлама аясында Минск қаласына аттанады.
Онда 5 айлық бүлдіршінге бауыр трансплатациясы отасын жасап шығады. Қазақ дәрігері жасаған отаның сәтті аяқталғаны Минск бұқаралық ақпарат құралдарының ерекше назарына ілікті. Рахымжан Үмбетжанов белорус әріптестерінен ағзаны трансплантацияға дайындайтын гепатобилярлы әдісті үйренгенін айтады. Ол алдағы уақытта тәжірибесін іс жүзінде шыңдай отырып, еліміздің медицинасын әлемдік деңгейге жеткізсем деп армандайды.
 width= https://www.youtube.com/watch?v=p_eggpYy1vU&feature=emb_logo&ab_channel=%D0%A0%D0%BE%D1%81%D1%81%D0%B8%D1%8F1