Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасын насихаттау, таныстыру бағытында сенімді өкілдер Зайсан ауданында жастармен жүздесті. Кездесу барысында партия бағдарламасындағы «Жастарға арналған аудан», «Қауіпсіз аудан», «Тарихы мен мәдениетке бай аудан» бағыттары түсіндірілді.
Үміткерлер «Дипломмен ауылға» бағдарламасы арқылы кемінде 53 білікті жас маманды ауылға тарту қарастырылатынын айтты. Nur Otan партиясы әлеуметтік қолдау көрсету арқылы жоғарғы және арнаулы оқу орны студенттерінің туған жеріне еңбек етуге құлшыныстарын туғызуды көздейді. Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасында студенттердің стипендиясын 2 есе өсіру, сондай-ақ жоғары білімге арналған гранттардың санын 50%-ға көбейту туралы айтылған. Кездесуге келген жастар Nur Otan партиясының бағдарламасын қолдап, өз таңдауларын жасайтындықтарын жеткізуде.Қазақстан Республикасының «Сайлау туралы» Заңының 28 бап, 5 тармағына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық мәслихатына депутатар сайлауға Nur Otan партиясы қоғамдық бірлестігінің сайлау қорынан төленді.
Тапсырыс беруші: М.Мұратқызы