Көлік қаққан 12 адамның тоғызы бала
Көлік қаққан 12 адамның тоғызы бала

Бір адам қаза тапты.

Нижний Новгородта жаяу жүргіншілерді көлік қағып, бір адам қаза тапты. Зардап шеккендердің жалпы саны – 12. Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігі хабарлады.

Жергілікті денсаулық сақтау басқармасы: «ЖКО салдарынан 12 адам зардап шекті. Оның тоғызы кәмелет жасына толмаған. Жасөспірімдер облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Ересектердің біреуі жеңіл жарақат алған, екіншісінің жарақаты орта деңгейде. Тағы бір адам қаза тапты", – деп мәлімдеме жасаған.

Қаза тапқан әйел балаларды алып жүргені белгілі болды. Қазір олардың өміріне қауіп жоқ. Балалар ауруханасы күшейтілген режиммен жұмыс істеп тұр. Зардап шеккен балалар тоғысыншы сыныпта оқиды. Дәрігерлер ауруханаға жеткізілгенде екеуінің жағдайы ауыр болғанын айтады.

Жол апатына кінәлі адам ұсталып, үстінен қылмыстық іс қозғалған. Күдікті 43 жастағы Ресей азаматы.