Қазақстанда туған жігіт отанына қайта алмай жүр
Қазақстанда туған жігіт отанына қайта алмай жүр
108
оқылды

Құжаттары жоқ азамат Қырғызстаннан ешқайда шыға алмайды

Асылбек Күндізбаев 20 жыл бойы Ыстық көл облысының Жеті Оғыз ауданында тұрып келеді. Бұл туралы Turmush сайты хабарлайды.

Ол журналистерге 9 жасында Павлодар облысынан Оргочор ауылына келгенін айтып берген. Қазір жеке басын куәландыратын ешқандай құжаты болмағандықтан отанына қайта алмай жүр.

Айтуынша төрт жасында ата-анасы ажырасып, балалар үйіне тапсырыпты. Ол жерден қаша берген соң анасы көршісінің үйіне келген қонақ арқылы Қырғызстанға беріп жіберген. Осылайша ол тоғыз баласы бар отбасының мүшесіне айналады.

Асылбек биыл отызға келеді. Айтуынша мектепте мүлде оқымаған. Құжаттары да жоқ.

«Мені асырап алған Букош апа 95-ке келді. Қазір Қырғызстанға келіп тапқан туыстарымның малын бағып жүрмін. Қазақстанға барғым келеді. Егіз бауырларым Әділбек пен Айбекті сағындым. 21 жыл Қырғызстанда тұрғандықтан осы елдің азаматтығын алсам деймін. Бірақ, қалай алу керек екенін білмеймін», – деп түйіндеді Күндізбаев.