Зайсанда Nur Otan партиясының сенімді өкілі жолаушылармен жүздесті
Зайсанда Nur Otan партиясының сенімді өкілі жолаушылармен жүздесті
115
оқылды
Аудан орталығымен барлық ауылдық елді мекендерге жолаушыларды тасымалдауды ұйымдастырып, халық алғысына бөленген кәсіпкер Күләш Есеркегенова бүгінде Nur Otan партиясы Зайсан аудандық филиалының қоғамдық штабында сенімді өкіл. Күләш өз жолаушылары арасында Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасының басым бағыттарын насихаттап, өзінің күнделікті қызметінде оны дәлелдеп жүрген партия мүшесінің бірі. Аудандық партия филиалының сайлауалды бағдарламасының «Жайлы аудан» бағытының жүзеге асуын қамтамасыз етуде. Сонымен қатар сенімді өкіл болғандықтан, өзі тасымалдайтын жолаушылар арасында ауылдарды газдандыру, ауыз суға қолжетімділікті қамтамасыз ету, жаңа жұмыс орындарын ашу туралы бағыттарды жете түсіндіруде. Жолаушылардан түскен сауалдар мен түйткілді мәселелерді маслихат депутаттығына үміткерлердің назарына беруде, шешімін табуға өз ықпалын жасауда.

Қазақстан Республикасының «Сайлау туралы» Заңының 28 бап, 5 тармағына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан аудандық мәслихатына депутатар сайлауға Nur Otan партиясы қоғамдық бірлестігінің сайлау қорынан төленді.

 Тапсырыс беруші: М.Мұратқызы