Nur Otan партиясы мәселені шешуге дайын
Nur Otan партиясы мәселені шешуге дайын
119
оқылды

Барлық деңгейдегі мәслихат депутаттығына кандидаттар мереке күндері де демалуды білмеді. «Есіктен есікке» республикалық акциясы белсенді түрде жалғасуда, оның барысында кандидаттар сайлау алдындағы бағдарламаның басымдықтарын аудан тұрғындарына тікелей тұрғылықты жеріне барып түсіндіреді.

– Бескөлде бірнеше отбасында болдым. Мен үшін «Отан отбасынан басталады» деген айнымас ереже ешқашан өзектілігін жоғалтпайды, өйткені отбасы – Қазақстан қоғамының ұясы. Өте қажет, қасиетті – адамзаттың алтын мектебі. Мен шын жүректен осыған сенемін. Егер әр отбасының балалары білімді болса, онда біздің қоғам да солай болады. Еліміздің жарқын және бақытты болашағы үшін әркім дұрыс таңдау жасайды деп сенемін, – деді партияның сенімді өкілі. Nur Otan партиясы Аудандық мәслихат депутаттығына кандидат Марика Безуглова Соколовка ауылының тұрғындарына Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасын түсіндірді. – Тамаша және позитивті адамдармен таныстым, олар алдағы сайлауда қолдау көрсетуді уәде етті және партиямыздың жасап жатқан қызметін мақұлдады! Адамдар аудан өмірінің барлық саласында оң өзгерістерді көріп отыр, – дейді ол. Акцияға аудандық мәслихат депутаттығына кандидат Руслан Растенов қатысты. Руслан Исентайұлы акцияға қатыса отырып, алда үлкен жұмыс күтіп тұрғанын хабарлады. Ол біздің басты байлығымыз – мейірімді, түсінетін, жүрегі ашық адамдар екенін атап өтті. Олардың арқасында көптеген мәселелер тезірек шешіледі. Денсаулық саласы да басым бағыттардың бірі. Біз коронавирустық пандемия кезінде оның ерекше құндылығын сездік. Барлық қиындықтарға қарамастан, партия ел тұрғындарын ықтимал қауіп-қатерлерден қорғау үшін бәрін жасады және жалғастыруда. – Қазақстандықтардың өмір сүру деңгейін арттыру идеясы бәрімізді біріктіреді. Nur Otan партиясы проблемаларды шешуге дайын. Біз адамдардың сенімін бағалаймыз және бәріміз бірге өмірімізді жақсартамыз, – деді ол. Аудандық мәслихат депутаттығына кандидат Анастасия Эйникис акция барысында аудан орталығында тұратын азаматтардың отбасыларына барды. Бағдарламаны түсіндіре отырып, ол жерлестеріне аудан, облыс, ел тұрғындарының өмірін жақсартуға бағытталған қандай өзгерістер күтіп тұрғанын айтып берді. Аудандық мәслихат хатшысы, қазіргі таңда аудандық мәслихат депутаттығына кандидат Айжан Асқарқызы Молдахметова сенім білдірген тұлғаларымен бірге Бәйтерек ауылында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. – Ұлтаралық келісім мен әлеуметтік бағдар – бұл біздің партия бастамашы болған барлық өзгерістердің негізінде жатқан басымдықтар. Жерлестердің сайлауға баруға және Nur Otan партиясына дауыс беруге деген ықыласы қуантады, – дейді ол. Акцияға үміткерлерден басқа Jas Otan жастар қанатының белсенділері де қатысуда. Олар өздерінің ауылдық округіндегі әр көшеге және әр үйге барады.

Nur Otan партиясының Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының сайлау қорының қаражатынан төленді