Nur Otan уәдесін орындайтын партия
Nur Otan уәдесін орындайтын партия
106
оқылды
Желтоқсан айының ортасында облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттар Елена Левина, Шынар Біләлова, Ерғали Ғабдуллин, аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттар Оксана Яркова және Александр Лиценбергер Якорь және Долматово ауылдарында бірқатар үгіт-насихат кездесулерін өткізді. Сайлауалды штабтың төрайымы Мара Жұмабаева Nur Otan партиясының негізгі міндеттері туралы айтып, партияның сайлауалды бағдарламасында барлығы көзделгенін атап өтті. – Біз көп балалы аналар үшін тұрғын үйге мұқтаждық мәселесін жабуды, сондай-ақ халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуді жоспарлап отырмыз. Маңызды фактор – қауіпсіздік: бейнебақылау, өртке қарсы құралдарды және т.б. орнату, – деді Мара Мәскенқызы. Ал Елена Левина өзінің бес баласы және сегіз немересі барын айтты. – Мен облыстық Іскер әйелдер қауымдастығының мүшесімін. Қазірдің өзінде 11 жыл Nur Otan партиясындамын, 20 жылдан астам бизнеспен айналысамын. Мен патриотпын, Отанымның келешегі мені алаңдатады. Мен партияға саналы түрде кірдім. Менің ойымша, Nur Otan өзекті міндеттер қойып отыр. Соңғы 5 жылда алдыңғы сайлауалды бағдарламаның әрбір тармағы орындалды. Алайда әркім өзінен бастауы тиіс, – деді үміткер. Оксана Яркова: «Мен ауданның проблемалары туралы жақсы білемін, өйткені мен осында туып-өстім, отбасын құрдым, ана болдым. Біздің ауылдық округ өркендеп келеді. Ауыл өмірі үшін маңызды жаңа нысандар салынуда. Әлі көп жасалынатынына сенімдімін». Ал Шынар Сағандыққызы: «Мен қаржы саласында жұмыс істеймін, халықпен кездесемін, адамдардың қалай өмір сүретіндігімен танысамын және оларды сайлауалды бағдарламасымен таныстырамын. Біз аудан тұрғындарын не толғандыратынын білеміз. Көбінесе адамдар сумен жабдықтау, жұмысқа орналасу, тұрғын үй мәселесі туралы айтады. Мұндай қарым-қатынас біз үшін өте құнды. Көптеген мәселелер шешілді және шешілуде. 20 жылдай «Есіл» КС төрағасымын. Біз шаруаларды төмен пайыздық мөлшерлемемен қаржыландырамыз. Біздің ауылдардың көпшілігі ірі ауыл шаруашылығы құрылымдарының есебінен қалыпты түрде дамып келеді». Долматово ауылының тұрғындары үміткерлерден жол, интернеттің жоқтығы, ұялы байланыстың нашарлығы, пайлардың берілмеуі мәселелерін шешуді сұрады. Депутаттар ауыл тұрғындарын Nur Otan- ға дауыс беруге шақырды.

Nur Otan партиясының Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының сайлау қорының қаражатынан төленді