ҚҚС жеке қосалқы шаруашылықтарға жақсы баға ұсынуға мүмкіндік бермейді
ҚҚС жеке қосалқы шаруашылықтарға жақсы баға ұсынуға мүмкіндік бермейді
105
оқылды
«Ауыл» партиясынан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат Кенжеғали Машырыков «Ауылдан ауылға» акциясы аясында «Жайық агро» ЖШС-нің еңбек ұжымымен кездесті. Үгіт-насихат тобының құрамына облыстық және аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттар енгізілді. Бұл жөнінде партияның баспаөз қызметі хабарлады. «Жайық агро» холдингі «Жайық-Ет» ЖШС және «Агропродукт» ЖШС сияқты кәсіпорындарды біріктірген және «Мясодел», «Ет байрам» сауда маркаларымен танымал. Үгіт-насихат тобы өндірістік кешенмен танысып, «Ауыл» партиясының сайлауалды тұғырнамасының бастамаларын түсіндірді. «Ауылдықтардың» пікірінше, қайта өңдеу кәсіпорындары АӨК жүйесіндегі негізгі буын, өйткені бір жағынан олар қосылған құнды қалыптастырады және саланың инвестициялық тартымдылығын арттырады, ал екінші жағынан ауыл шаруашылығы өндірушілерінен және жеке аулалардан шикізатты тұрақты сатып алуды қамтамасыз етеді. Бұл салада бірқатар мәселе бар. Бұл-арзан әрі ұзақ кредиттік ресурстардың қолжетімді болмауы, өтімділікті қолдау үшін «жылдам» ақшаға деген тұрақты қажеттілік, қосылған құн салығын төлеу. Соңғы мәселе «Жайық агро» ЖШС-де айналып өтпеген.
Батыс Қазақстан облысы мәслихатының депутаттығына кандидат Т.Ескендіровтің айтуынша, қайта өңдеу кәсіпорындары шикізаттың 60%-дан астамын жеке аулалардан, яғни жеке тұлғалардан сатып алады. Сонымен қатар, қосылған құн салығы ет комбинаттарына жеке қосалқы шаруашылықтарға жақсы баға ұсынуға мүмкіндік бермейді, сондықтан шикізаттың едәуір бөлігі тиісті өңдеусіз делдалдар арқылы нарыққа кетеді. К.Машырықов мұндай проблемалар Президенттің ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу үлесін екі есе арттыру жөніндегі тапсырмасын іске асыруға кедергі келтіретінін және осыған байланысты партия АӨК субъектілерін ҚҚС-тан босатуды ұсынып жүргенін айтты.  width=
Партия өкілінің айтуынша, былғары шикізаты, жүн және көкөніс нарығында өңдеудің дамымауы осыған байланысты. Сондай-ақ, «Жайық агро» ЖШС-нің еңбек ұжымымен кездесуде партияның әлеуметтік теңдікті қамтамасыз ету жөніндегі бастамалары әңгіме өзегіне айналды. К.Машырықовтың айтуынша, «Бала нәсібі» балалар капиталын енгізу жәрдемақы түрлерін 7-ден 1-ге дейін қысқартуға мүмкіндік береді және халыққа түсінікті болмақ. «Статистика көрсетіп отырғандай, 2019 жылы бір жасқа дейінгі бала күтімі бойынша жәрдемақыны жаңа туған балалардың  65% ғана пайдаланған. Жәрдемақылардың бірнеше түрі мен көптеген кіші түрлерінің болуына байланысты шатасулар болып жатыр және адамдар, әсіресе бюрократиядан шаршаған ауыл әйелдері мемлекет ұсынған көмектен бас тартқан жағдайлары кездесті, – деді ол. Ал  бала капиталын енгізу бұл мәселені біржола шешіп, әлеуметтік қолдаудың қолжетімділігін арттырады. Тұмар МЫРЗА