Оныншы қабаттан баспен құлап аман қалды
Оныншы қабаттан баспен құлап аман қалды

Ол желдеткішке түсіп кеткен пимасын алмақ болған.

Якутск қаласында болған жағдай туралы Mash хабарлады. Сергелях көшесінің тұрғындары қабырғаның ары жағынан қорқынышты дауыстар естіген. Қатты шошынған олар жедел қызметке хабарласады. Құтқарушылар желдеткіштің шахтасына түсіп кеткен ер адамды алып шығады. Азамат оныншы қабат тұрғыны екен. Желдеткішке түсіп кеткен пимасын алып жатқанда шахтаның ішіне құлап кетеді.

Мамандар оның бірінші қабатқа дейін дін аман жетуін былай түсіндіреді. Біріншіден, желдеткіш қабырғалары барған сайын тарылып, ер адам шахта ішінде қысылып қалған. Екіншіден, ол жұмсақ пимаға баспен түскендіктен еш зақым алмапты. Жігіт ағасын жедел жәрдем алып кеткен. Аяқ киім де дін аман.