БҰҰ дипломаты жаңа жыл қарсаңында өз пәтерінен өлі күйінде табылды
БҰҰ дипломаты жаңа жыл қарсаңында өз пәтерінен өлі күйінде табылды
155
оқылды
Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Нью-Йорктегі штаб-пәтерінде жұмыс істеген дипломат жаңа жыл қарсаңында Манхэттендегі өз пәтерінде өлі күйінде табылды. Бұл туралы New York Post газеті жазды. Полиция басылымға пәтердің жатын бөлмесінен 38 жастағы әйелдің денесі табылғанын айтқан. Мойнында белбеу болыпты. Сонымен қатар полиция оның жанынан антидепрессанттарға арналған рецепт және екі бөтелке мелатонин тапқан. Өз-өзіне қол жұмсауы мүмкін. Өйткені зорлықпен өлтірілген белгілер байқалмады.
"Ол мұнда екі жыл тұрды. Ол өте жақсы және сүйкімді адам болатын. Бәрімізге қиын болып жатыр", – деді ғимаратта қызмет ететін жұмысшы басылымға.
Ер адамның айтуынша, дипломат төртінші қабаттағы пәтерде жалғыз тұрған.