7,5 шақырымдық спринт жарысында Никита Акимов алдына жан салмады.
«Австрияда биатлоннан халқаралық турнир өтуде. Жастар арасындағы 7,5 шақырымдық спринт жарысында қазақстандық спортшы Никита Акимов бірінші орын алды», – деп хабарлайды olympic.kz.
Отандасымыз бұл қашықтықты 20 минут 56,2 секундта жүріп өткен.
Семен Вдовин жарысты 20-ші нөмірмен аяқтаса, Вадим Куралес мәреге 23-ші болып жетті. Ал Данил Червенко – 28-ші орында.