Димашты Нью-Йоркте Қазақстанның жалауымен қарсы алды

Димашты Нью-Йоркте Қазақстанның жалауымен қарсы алды

Әнші күтіп алу үшін АҚШ-тың әуежайларында бұрын-соңды мұндай көп көрермен жиналмаған.

Dimashnews.com-ның хабарлауынша, АҚШ-тың ең ірі әуежайларының бірде бірі Қазақстаннан келген әншіні дәл бұлай, үлкен салтанатпен қарсы алмаған екен.



Димаш Құдайбергенді әуежайда әлемнің түкпір-түкпірінен келген 150-дей көрермені гүл шоқтарымен қарсы алды.



Әртүрлі мемлекеттен жиналған көрерменнің арасында жасы да, кәрісі де бар. Димашты қарсы алушылардың көпшілік Қазақстанның көк Туын Димаштың алдынан алып шыққан. Сүйікті әншісінің портреттік фотосын ұстап шыққандар да бар.



Жанкүйерлері қазақстандық танымал әншінің концертіне сәттілік тілесе, бірнеше сағаттық ұшудан кейін шаршаса да, Димаш көпшілікке алғыс айтып, бірге естелік үшін фотоға түсті.



Айта кетейік, Нью-Йорктегі 19 мың көрерменге арналған Barclays Center-де болатын Димаштың концерті жергілікті уақытпен 9 желтоқсан күні, Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен 10 желтоқсан күні өтеді.



Фото: Dimashnews.com

Димаш Arnau tour ENVOY аясындағы сапарының жаңа бағдарламасымен өнер көрсетпек.