Семей қаласында 40 градус аяз болып тұр, деп хабарлайды қалалық полиция басқармасы.
«Ауа температурасының күрт төмендеуіне байланысты соңғы екі күннің ішінде қаланың медициналық мекемелеріне денесінің түрлі бөліктерінің үсік шалуы диагнозымен 11 адам түскен. Бүгін, 3 қаңтарда Семей қаласында ауаның температурасы -40 градусқа дейін төмендеді», - делінген хабарламада.Полиция басқармасы қала тұрғындарын аяз кезінде көшеге шықпауға, балалар мен қарттарға көңіл бөлуге, сондай-ақ көлікпен елді мекендердің сыртына шықпауға шақырады. .