Цой: Мереке күндері жағдай ерекше бақылауға алынған

Цой: Мереке күндері жағдай ерекше бақылауға алынған

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой жаңажылдық демалыс күні неге арнайы брифинг өткізіп отырғанын түсіндірді.

"Мерекелік демалыс күндері азаматтардың жүріс-тұрысы мен еліміздегі эпидемиялық жағдай ерекше бақылауға алынған. Сондықтан да біз мереке күндері жұмыс істеп жатырмыз. Күнде коронавирусқа байланысты мониторинг жүргізіп отырмыз. Әзірге жағдай қалыпты", - деп түсіндірді министр.
Бұған дейін министр әлемдегі коронавирусқа қатысты жағдай қандай екенін хабарлаған болатын.