Сауда соғысы: АҚШ президенті Дүниежүзілік банкті Қытайға несие бермеуге шақырды
Сауда соғысы: АҚШ президенті Дүниежүзілік банкті Қытайға несие бермеуге шақырды
5,098
оқылды

24.kz-тің жазуынша, Дүниежүзілік банк таяуда Қытайға төмен процентпен 1,5 миллиард долларға дейін кредит беру жоспарын мақұлдаған еді. Қытайға кредит 2025 жылға дейін беріледі.

Осыдан соң АҚШ президенті Дональд Трамп Twitter-дегі парақшасында: «Неліктен Дүниежүзілік банк Қытайға несие береді? Бұл қалай болғаны? Пекинде ақша көп. Егер Қытайда ақша болмаса, ол оны өзі жасап алады. Кредит беруді тоқтату керек», – деп жазды.

Бұл кредит Қытайды одан әрі дамытуға жұмсалмақ.

АҚШ Дүниежүзілік банктің ең ірі акционері болғанымен, ресми Вашингтон банкке басқа елге кредит беруге вето қоя алмайды.