Nur Otan партиясының бағдарламасын 95 жастағы әже қолдады
Nur Otan партиясының бағдарламасын 95 жастағы әже қолдады

Сайлау қарсаңындағы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу барысында Зайсан ауданының тұрғыны, 1926 жылдың 10 мамырында Сарытерек ауылында дүниеге келген Жақашева Күлсін Бекмұхамбетқызы партия бағдарламасын қолдап,  өз сенімін білдіретінін жеткізді.

Соғыс жылдарында  небәрі 11-12 жастағы Күлсін апа  ауыл шаруашылығында мал бағып, шөп шауып, егін суарып, еңбекке ерте араласады. 1936-1945 жылдары аралығында «Қаратал» совхозында суарушы болды. 1945-1961 жылы Сарытерек ауылында суарушы, диқаншы, 1961-1991 жылдары «Зайсан» совхозында жұмысшы болып еңбек етеді. Күлсін апа отағасымен 10 бала тәрбиелеп,  балаларынан 22 немере, 29 шөбере көріп отырған асыл әже. Сондай-ақ ол «Алтын алқа» иегері, «Тыл ардагері» медалімен марапатталған. 

Қазақстан Республикасының «Сайлау туралы» Заңының 28 бап, 5 тармағына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан аудандық мәслихатына депутатар сайлауға Nur Otan партиясы қоғамдық бірлестігінің сайлау қорынан төленді.