Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда 10 миллион адамға коронавирусқа қарсы вакцина салу жоспарланып отырғанын айтты. Цойдың айтуынша, ресейлік "Спутник V" вакциналарының екі миллион дозасына келісім жасалған. Ол Қазақстанға субстанция түрінде жеткізіледі және кейін Қарағанды фармацевтикалық зауытының базасында өндіріледі.
"Екі миллион дозаға кепілдік беріледі. Қазір бізде жеткізу бойынша келіссөз жүргізіліп жатыр. Әзірге екі миллион доза. Жалпы біз шамамен 10 миллион адамға вакцина салуды жоспарлап отырмыз. Бұл халықтың 55%. Біз науқастармен тікелей байланыста болатын негізгі осал топтарды анықтадық. Бұл 18 жастан 60 жасқа дейінгі адамдар", - деп түсіндірді министр брифингте.Бұған дейін Алексей Цой коронавирусқа қарсы вакцинаны неге салдырмағанын айтқан болатын.