2 қаңтарда Қазақстан Республикасының аумағына Германия, Египет, Түркия, БАӘ, РФ, Беларусь Республикасы және Өзбекстаннан 10 халықаралық әуе рейсі келді, деп хабарлайды Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Telegram-каналында. 1 019 әуе жолаушысының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 765 адам, анықтамасыз 254 Қазақсан азаматы келді. Оның ішінде: Алматы қаласының әуежайына – 7 рейс, 852 жолаушы, анықтамамен - 652, анықтамасыз - 200; Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 3 рейс, 167 жолаушы, анықтамамен - 113; анықтамасыз - 54 адам ұшып келген. Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде 2021 жылдың 1 қаңтарында анықтамасыз келген барлық 150 Қазақстан азаматының ПТР-талдаулары теріс нәтиже көрсетті.