Жаңажылдық басқосулар коронавирусты өршітті
Жаңажылдық басқосулар коронавирусты өршітті
Дүние жүзінде коронавирус жұққандар саны 84 миллион 517 мың адамнан асты. Сондай-ақ індеттен 1 миллион 834 мың адам қайтыс болған. Бұл әлемдегі коронавирус жағдайына күнделікті мониторинг жасайтын Джонс Хопкинс университеті келтірген соңғы деректер. Бірінші орында Америка Құрама Штаттары, бұл елде жұқтырғандар 20 миллион 400 мыңға, ал көз жұмғандар саны 350 мыңға жуықтаған. Одан кейінгі жоғары көрсеткіштер Үндістан, Ресей, Франция мен Ұлыбританияда тіркелген. Мамандар коронавирусқа шалдыққандар мен көз жұмғандар санының артуына жаңажылдық демалыс кезіндегі басқосулар тікелей әсер еткенін айтады.