Азаматтарды дактилоскопиялық тіркеу 2023 жылғы 1 қаңтардан басталады
Азаматтарды дактилоскопиялық тіркеу 2023 жылғы 1 қаңтардан басталады
Азаматтарды дактилоскопиялық тіркеу 2023 жылғы 1 қаңтардан басталады, деп хабарлады Polisia.kz. Ішкі істер министрлігі елдегі және әлемдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты 2021 жылдан басталуы тиіс азаматтарды дактилоскопиялық тіркеу 2023 жылға ауыстырылатынын хабарлады.
"Короновирустық инфекцияның пандемиясына және COVID-19 туындаған эпидемиологиялық жағдайға байланысты азаматтарды дактилоскопиялық тіркеу 2023 жылғы 1 қаңтардан басталады. Тиісті өзгерістер «Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу туралы» Заңға енгізілетін болады", – деп хабарлады Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі.