Зайсанда жаңа мектептің құрылысы басталады
Зайсанда жаңа мектептің құрылысы басталады
136
оқылды

Nur Otan партиясының сайлауалды қоғамдық штаб мүшелері, сенімді өкілдер мен аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Г.Қайрақбаев, А. Самарханова, Е.Айнабеков, С,Марқабаев, С. Оразбеков, Г.Аманбаева Ж.Құрманбаевалар Зайсан қаласындағы білім ошақтарында педагогтармен кездесіп, сайлауалды бағдарламамен таныстырды.

2025 жылға дейін Nur Otan партиясы аудан педагогтарына, білім саласына арналған бағдарлама әзірлеп, қандай іс-шаралар атқаратыны айтылды. 2021 жылдан бастап жыл сайын 20 мұғалім біліктілігін арттырады. 8 мектеп күрделі жөңдеуден өткізіліп, әлеуметтік осал топтың балалары 100 пайыз комьютерлік құрылғымен қамтамасыз етіледі. Инклюзивті білім алуға мұқтаж балалар 100 пайызға қамтылатын болады. Ұстаздар қауымы бағдарламаны қызу талдап, ұсыныс пікірін ортаға салды. Педагогтар Зайсан қаласындағы лицейдің жай-күйін айтты. Ол жерде балалар жан-жақтан келіп, білім алып отыр. Бірақ мектеп ғимараты тар әрі кеңейтуді талап етеді. Штаб мүшелері аталған ұсыныс Nur Otan партиясының аудандық бағдарламасында бар екенін жеткізді. Сондай-ақ 2022-2023 жылдары қалада 300 орындық мектеп салынатындығы туралы айтылды. Мектеп табалдырығын аттаған әрбір бала сапалы білім алуға, қабілетін дамытуға құқылы екендігі, ол үшін Nur Otan партиясы тарапынан барлық жағдай жасалатыны туралы кездесу барысында штаб мүшелері бірнеше рет айтты. Бастысы педагогтар 10 қаңтарда сайлауға келіп, дұрыс таңдау жасауы тиіс.

 Қазақстан Республикасының «Сайлау туралы» Заңының 28 бап, 5 тармағына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан аудандық мәслихатына депутатар сайлауға Nur Otan партиясы қоғамдық бірлестігінің сайлау қорынан төленді.