Павлодар облысында түрғындарды үйден шықпауға шақырды
Павлодар облысында түрғындарды үйден шықпауға шақырды
Төтенше жағдай органдарының қызметкерлері облыс тұрғындарын қажет болмаса, көшеге шықпауға шақыруда, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz. Әртүрлі дереккөздегі мәліметтер бойынша, 2-3 қаңтар күндері өңірде ауа температурасы -35-40, кей жерлерде -43 градусқа дейін төмендейді. Осы орайда құтқарушылар тұрғындарды көшеге шықпай, өрт қауіпсіздігін сақтау ережелерін бұзбауға шақыруда.  Қатты аяз кезінде далаға шығу қажет болса, жылы киіну керектігін ескертеді.