Балалар семіріп барады
Балалар семіріп барады
154
оқылды

«Хабар 24» арнасының хабарлауынша, Павлодар облысында жыл басынан бері семіздікке шалдыққан 1 жарым мыңдай адам тіркеуге алынған.

Мамандардың айтуынша, қазір адамдар дұрыс тамақтанбайды. Артық салмақтан зардап шегетін адамдардың көбі мәселені диета арқылы шешуге тырысады. Оның да қауіпті тұстары бар.

№2  қалалық аурухананың эндокринология  бөлімшесінің  меңгерушісі Ирина Тумбарцеваның айтуынша, адам дұрыс тамақтанса, артық салмақ жинамайды. «Адам тамақтанғанда мөлшерін білсе, артық салмақтан арылып, белгілі бір нәтижеге қол жеткізе алады. Арықтауға арналған шаралар тығырықтан шығаратын жол емес. Адам өзінің ас мәзіріне мән бергені жөн», – дейді ол.

Аймақта семіздікке шалдыққан 1500 адамның жартысы балалар екен. Азық-түлік қауіпсіздігі және тауарлар мен қызмет сапасы  департаментінің  бас  маманы Марал Балташева: «Баланың бойына дұрыс тамақтану мен дене шынықтырудың маңыздылығын жастайынан сіңірсе,  есейген кезде де сол ұстаныммен өмір сүреді. Бүлдіршіндерді  семіздіктен туындайтын көптеген аурулардан қорғау жолдарын  үлкен адамдар  қолға алу керек», – деп есептейді.