Тұрсынбай Құлахмет жылдың үздік шетелдік боксшысы деп танылды
Тұрсынбай Құлахмет жылдың үздік шетелдік боксшысы деп танылды
MTK Global промоутерлік компаниясы өз боксшыларының арасында 2020 жылға арналған үздіктердің есімдерін жариялады, деп хабарлайды Sports.kz. Қазақстандық боксшы Тұрсынбай Құлахмет (2-0, 1 КО) «Үздік шетелдік боксшы» номинациясының жеңімпазы атанды. Үздік шетелдік атағына дауыс беруде боксшымыз Латвиялық Рикардс Болотниктерінен (18-5-1, 8 КО) және американдық  кіші Виргилий Ортизден (16-0, 16 КО) озып кетті. Өткен жылы Тұрсынбай Құлахмет екі жекпе-жек өткізіп, екеуінде жеңіспен аяқтаған болатын. Бірінші жекпе-жегінде ол мерзімінен бұрын Сағадат Рахманқұловты (6-2, 4 КО) жеңген болатын. Екінші кездесуінде британдық боксшы Маколей Макгоуанды (14-2-1, 3 КО) жеңіп, бірінші орта салмақтағы WBC International титулының иегері атанды