Өзін-өзі өртеген әйел ауруханада қайтыс болды
Өзін-өзі өртеген әйел ауруханада қайтыс болды
118
оқылды

Оtyrar.kz-тің хабарлауынша, Шымкентте өзін өртеп жіберген әйел ауруханада қайтыс болды.

Оқыс оқиға 3 желтоқсан Тассай ауданында болған. 31 жастағы келіншек Юсуф Сайреми көшесіне шығып, үстіне жанатын зат құйып өртеп жіберген. Қатты күйік алған ол жедел жәрдемді өзі шақырған. Жәбірленушінің денесін 85 пайызға күйік шалған. Дәрігерлер барлық амалды жасағанымен, аман алып қалу мүмкін болмаған. 

Шымкент полицейлері сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Алдын ала болжам бойынша өзін өртеп жіберуіне себебі, сүйіктісімен сөзге келіспей қалған болуы мүмкін.