Мұғалімдердің орташа жалақысын 200 мың теңгеге дейін көтеру керек – ADAL партиясы
Мұғалімдердің орташа жалақысын 200 мың теңгеге дейін көтеру керек – ADAL партиясы
99
оқылды
Партия мүшелері Атырау облысында кездесу өткізді. Мұнда Мәжіліс депутаттығына үміткер Алина Асқарова тұрғындармен пікірлесті.  Атырау инженерлік-гуманитарлық институтында жастармен кездесу өтті.
Қатысушылар мұғалімдердің жалақысын көтеру, ал халықтың әлеуметтік осал санаттарына баспана алу үшін жақсы жағдай жасау керек деген пікірін білдірді. Алина Асқарова мұғалімдердің орташа жалақысын 200 мың теңгеге дейін көтеру, халықтың осал топтарын тұрғын үй сертификаттарымен қамтамасыз ету партияның маңызды міндеті екенін айтты.
Кандидат Атыраудағы ретро саябақта кездесуі кезінде отбасын сақтау және аборт тақырыбын көтерді.  Іс-шараға қатысушылар партиядан азық-түлік бағасының өсуін тежеп, білім сапасын арттыруға көп көңіл бөлуді сұрады. – Қараңызшы, барлығының бағасы жыл сайын өсіп келеді.  Кіріс өзгеріссіз қалады, – деді тұрғындар. Алина Асқарова барлық өзекті мәселе партияның бақылауында болады деп сендірді.