Жөтелін өз бетінше емдеген әйел өлім аузынан қалды
Жөтелін өз бетінше емдеген әйел өлім аузынан қалды

Дәрігерлер оның қол-аяғын кесуге мәжбүр болған.

Бұл оқиға жайлы РЕН ТВ хабарлайды. Британдық келіншек үш ай бойы жөтелін өз бетінше емдеп келген. Дерті әбден асқынғанда дәрігерлердің көмегіне жүгінеді. Ауруханада оған өкпенің қабынуы және сепсис диагнозын қойған. Аурудың нәтижесінде оның ішкі ағзалары қызметін тоқтата бастайды. Науқас есінен танып, қан қысымы күрт төмендеп кеткен. Қол аяқтарындағы қан ұйып, жансызданып қалады.

Дәрігерлер науқасты аман алып қалу үшін оның қолы мен аяғын кесуге мәжбүр болған. Кейін орнына протез орнатып береді.

Қазір әйел қалыпты өмірге қайта оралды. Ол өзі сияқты қол-аяғынан айырылған адамдарға көмектесіп, қайырымдылықпен айналысады.