«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газетінің алғашқы саны – 2004 жылы 6 наурызда жарық көрді.

2005 жылы газет Президент сыйлығын жеңіп алды.

2006 жылы «Алтын жұлдыз» сыйлығын иемденді.

Аптасына 4 рет шығатын күнделікті газеттер арасында «Айқынның» өз орны бар. Еліміздегі белді де беделді басылымға айнала отырып, Қазақстанның бұқаралық ақпарат кеңістігінде өз орнымызды таптық. Газеттің әр нөміріндегі мақалалар түрлі сараптамалық шолуларда, пікірталастарда негізгі тақырыпқа айналып, интернет жүйесінде де қайта басылып келеді.

«Айқын» газетінің негізгі тақырыбы – саясат, экономика, мәдениет, спорт және қоғамдағы әлеуметтік мәселелер.

Күнделікті таралымы – 40000.

Сенбі күні 24/32 беттік «Айқын-апта» қосымшасы жарық көреді.