Бір аптада – 61 адам...
Қазір – жазғы демалыс мезгілі. Аптап ыстықтан қашқан адамдар салқын суға түсіп, жан шақырғысы келеді. Жаздың әрбір қолайлы күнін еңбек демалысына шыққандар да тиімді пайдаланғысы келетіні тағы бар. Шетелге шыға алмайтындар Қазақстанның өзен-көлдерін жағалайды. Жолдың жайсыздығына қарамай, көлікпен сапар шегетіндер де жеткілікті.
Ұлық ақынды ұлықтау
Ләйлім-Шырақ есімді 9 жастағы мектеп оқушысы ұлы ақын Абай өлеңдерінен үзінді оқып, бұл эстафетаны жалғастыруды Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа жолдады. Мемлекет басшысы бүлдіршіннің ұсынысын қабыл алып, Абай өлеңін жатқа айтты. Тоқаев эстафетаны ары қарай екі министрге және Димаш Құдайбергенге жолдады. Оның арты Абай өлеңдерін шет мемлекеттер азаматтарының оқуына жалғасты.
Әркімге – әрқалай, бұл қалай?
Заң үстемдігі деген ұғым бар. Кез келген азамат заң алдында бірдей деген тағы бар. Өкінішке қарай, осы мәселеге келгенде жаңағы заңымыз әркімге әрқалай: біреу түйені түгімен жұтып жатса да құтылып кетеді; енді біреу болмайтын нәрсеге басы шатылып, жұтылып кетеді... Бұл қалай?
Кәсібі бардың – нәсібі бар
Мына заманда диплом деген баяғыдай рөл атқармай қалды. Қолдарында табақтай дипломы бардың көбісі жұмыс таппай, сенделіп жүргенін көріп те жүрміз. Еңбек нарығы тез өзгеріп жатыр. Жағдайға тезірек бейімделіп, жаңа кәсіп игеріп, жаңа жұмысқа кіріскендер өкініште қалмайды.  Елімізде  «Жұмыспен қамту – 2020 жол картасы» бағдарламасы бар. Бұл бағдарламаның жұмыссыз жүргендерге берері көп. Бірақ соған мойын бұрып, жаңа кәсіп игеруге ықылас танытып жатқандар шамалы.
Азаттық айбыны
Биыл алтыншы шілдеге орай  Нұр-Сұлтан қаласының орталығында мемлекеттік Ту  көтерілді. Бұл елорда күнін атап өту шараларының басталғанын білдіреді. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Егемен еліміздің бейбіт аспанында желбіреген көк туымыз – бүгінгі күннің баға жетпес байлығы. «Туған жерге туыңды тік» деген даналықтың мән-мағынасы осында. Себебі, біз қасиетті топырағын қадір тұтатын, туын әрқашан биік ұстайтын елміз», – деді.
Қазақ салған қала
Жас ұрпақ онша біле бермейді: Тәуелсіздіктің елең-алаң жылдарында «Бұл қазақ өз алдына мемлекет бола ал­май­ды, әлі-ақ еңбектеп өздері ке­леді бізге» деген үстем көзқарас танытқан ежелгі көршіміз; Азаттық алған қазақ­тың жаңа буыны бабалар жолын жалғап, жаңа тұрпатты мем­лекеттің жалауын желбіреткен; Есілдің жағасын елге толтырып, өз қолымен астана салды! Бұл – нағыз ерлік іс!
Неге бұлай?
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сайлауалды платформа­сында «Біз жем­қор­лық­тың түп-тамыры жойылғанша күресеміз. Жемқорлық мемлекет пен қоғамның іргесін сөгіп, ұлттық қауіпсіздікке үлкен қауіп төн­діре­ді, мемлекеттің дамуына тос­қауыл қояды. Мемлекет пен аза­мат­тардың күшін біріктіреміз. Тек қа­на жазалау шаралары жет­кілік­сіз. Қоғамда жемқорлықтың кез келген түріне мүлдем төз­беу­ші­лік болуы тиіс», – деп атап көр­сеткен еді.  
Жеңілдей ме десең, ауырлайды
Жыл сайын бір көрініс: жазғы каникулға, еңбек демалысына шыққан азаматтар баратын жағына бара алмай, сандалады да жүреді; пойызға билет табу бір мұң, ұшақтың билеті қымбат; екі ортада халық қиналыс табады. Бұрынғыдай кассаның алды толған кезек, электронды жолмен билет сатып алушылардың да маңдайы тасқа жиі тіреледі.
Ерлік үнсіз жасалады
Өмір болған соң төтенше жағдайлар болады. Сондай кезде азаматтардың өзін батыл ұстауы, жағдайға қарай әрекет жасауы, тіпті ерлік қадамдарға баруы жиі кездеседі. Кейде бір адам жүздеген кісінің өмірін құтқарып жатады. Бір адамның өмірі – құндылық! Осы ретте арамызда ерлік іс-әрекетке барса да, мұны өзінің азаматтық парызы деп білетін жандар да жеткілікті.
Бірге болғанға – береке бар
Кей кезде «Біз әлі ұлт болып қалыптасқан жоқпыз», «ұлттық санамыз жетілген жоқ» дейтін мазмұндағы сөздерді еститін едік. Ұсақ-түйек кемшілігіміз болса, «Қазақ десек, өзімізге тиеді» деп жақауратып өте шығатын да сәтіміз болатын. Арыс оқиғасы осының бәріне нүкте қойғандай: біз Қазақ деген елміз, біз біргеміз, бекембіз!
Беттер: 1 2 3 4 5 Келесі