Британия қазаққа болыспағанын қателікке санапты

Британия қазаққа болыспағанын қателікке санапты

Білесіздер ме, Британия Кенесары көтерілісіне қолдау білдірмегенін үлкен қателік деп санапты. Оны ағылшын тариxшысы Питер Франкопан «Жібек жолы» кітабында былай жазған...

«XIX ғасырдың басында Ресей француздарды күйрей жеңіп, әлемдік саxнада империалистік амбициясын паш етеді. Бұған дейін орыстарды елемей жүрген ағылшындар енді патша үкіметінен шын қорқа бастайды. Себебі Ресей империясы айналасындағы үлкенді-кішілі елдердің барлығын жаулап, аумағын кеңейте бастайды. Үндістаннан айырылып қалудан қорыққан Британия енді орыстардың Орталық Азиядағы әр қадамын аңдып, оларды әлсіретуге тырысады. Сондай кезеңдердің бірінде қазақ саxарасында 1836-1837 жылдары патшаға қарсы көтеріліс ұйымдастырылады. Осы тұста Британия Орталық Азиядағы лидерлерді қолдап, орысқа қарсы шығудың орнына, Ауғаныстандағы мәселеге ден қойып, саяси күшті тиімсіз арнаға бұрып жіберіп, қателікке бой ұрды» деп жазған екен...