Динара ТІЛЕУБЕК

Авторлық мақалалар
Түркістан «Төле биді» тарту етті
Түркістан облысының бір жылдық мерейтойына орай Нұр-Сұлтанда «Төле би» телесериалының тұсауы кесілді. Он сериядан тұратын тарихи хикая қара қылды қақ жарған әділдігімен, қара халықтан бастап хан-сұлтандарға дейін ісінің төрелігін айтқан даналығымен ел есінде қалған Ұлы жүздің биі Төле би Әлібекұлының өміріне арналған.
5G және Қазақстан
Мамыр айында Премьер-министр Асқар Мамин Қазақстанда 5G қолданысқа енгізу бойынша жиналыс өткізіп, жаңа технология көмегімен цифрлық экономика мүмкіндіктерін арттыру мәселесін талқыға салды. Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің дерегінше, Қазақстан жаңа желіні іске қосуға кіріскен  АҚШ, Оңтүстік Корея, Швейцария, Эстония сияқты мемлекеттердің ондығына кіреді. Қазақстан территориясын жыл соңына дейін 5G технологиясымен қамтуға бағытталған пилоттық жоба Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында жүзеге аспақ. Жоспар бойынша, 5G байланыс желісі 50 мыңнан көп тұрғыны бар елдімекеннің барлығына тартылады.
Сайлау науқанын талқылады
Bolashaq қауымдастығы сайлау туралы пікірсайыс алаңын өткізіп, сайлау науқанына қатысты маңызды тақырыптарды талқылады. Шараға «Болашақ» бағдарламасының түлектері жиналып, сайлауға дайындық барысы, үгіт-насихат жұмыстары мен қоғамдық пікір, әлеуметтік желілердің рөлі менбасқа елдер тәжірибесі туралы ойларымен бөлісті.
Илон Маск Қазақстанда электр бекеттерін ашады
2019 жылы Қазақстанда Tesla-ның электр бекеттері (supercharger) мен сервис орталықтары ашылады. Бұл туралы Tesla компаниясының басшысы Илон Маск твиттер парақшасында жазды.
АЛЖИР-де 16 мыңнан астам жәдігер бар
31 мамыр қарсаңында АЛЖИР-ге ағылатын халық қарасы көп екен. Тарихи ескерткішке арнайы ат басын бұрғандардың бірқатары музей алдындағы кең ауланы еркін аралап, әр экспонаттың қасына аз ғана аялдап, суретке түсіп жүр. Музей айналасын көзбен шолып шыққан адам «АЛЖИР» музей-мемориалды кешеніне қарсы орналасқан Целиноград аудандық сотының ғимаратын бірден байқайды. Шын кінәлілерге жаза кесіп, ақиқаттың салтанат құруына жұмыс істейтін сот үйінің бір кездері жазықсыз әйелдердің жан абақтысына айналған мекенге қарсы орын тебуі «әділет пен әділетсіздік текетіресі» атты әлі жазылмаған картинаға ұқсайды...
Талапты кәсіпкерге таудай мүмкіндік бар
Кәсіп бастау үшін жаңа идея, бастапқы капитал мен ойға алған мақсатты жүзеге асыруға қажет қаншама қосымша құрал керек. Бір саланың дамуына серпін беретін идея біраз адамның ойына келгенімен, көп бизнес бастаманың ғұмыры қолдау жетпегендіктен қысқа болып жатады. Бұл тұста кәсіпкерлік үшін мемлекеттік қолдау саясаты аса маңызды екенін әлем тәжірибесінен көріп отырмыз.
Қазақстан ішкі өнімді қашан қолдайды?
2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап Өзбекстан шетелден импортталатын бірқатар шикізат аталымын кедендік төлемдерден босатты. Қазақстандық кәсіпкерлер мен сала мамандары көрші елдегі мемлекеттік қолдау шарасы отандық тауар өндірушілердің бәсекеге қабылетін төмендетеді деп есептейді.
Жапон императоры тақтан бас тартты
Жапония императоры Ахикито Токиодағы император сарайында өткен салтанатты жиында тақтан кететінін мәлімдеді. Ол – Жапония тарихында көзі тірісінде биліктен бас тартқан алғашқы монарх. ВВС-дің хабарлауынша, 85 жастағы Ахикитоның  жоғары лауазымнан кетуіне денсаулы­ғының нашарлауы себеп болған.