Әдебиет ЖҰМАН

Авторлық мақалалар
Ауылға не қажет?
Бүгінгі күні әр адамның көкейінде «ауылға не керек?» деген сауал тұр. Өйткені, қанша дегенмен де, өндіріс орны шоғырланған қалаға қарағанда ауыл өмірі көңіл көншітпейді. Бұрынғы кеңес дәуірі «тұяқ серпігенде» жекешеленген ауылдардың көбі титықтап қалды. Аянышты ғұмыр кешіп жатыр. Әрине техникасы мен бес түлік малын жекешелендірмей ұстап қалып, шалқып отырған ауылдар бар. Бірақ некен-саяқ!
Әр кәсіпте нәсіп бар
Қазақстанда кімге болса да кәсіп ашып, соның нәсібін көруге қолайлы жағдайлар жасалып-ақ жатыр. Дегенмен өзімізден де бар. Көп мүмкіндікті пайдалана алмай келеміз. Басқа ұлт өкілдері елімізде тиыннан теңге жасап жатса, біз, қазақтар, әлі күнге дейін бірден қарпып қалғымыз келеді. Неге бізде құлшыныс жоқ?
Адал келген ас тәтті
Үкімет қазір жұмыссыздықты жою үшін біршама бағдарлама жасады. Сонда да елімізде екі қолға бір күрек таппай жүргендер жетерлік. Құлықсыздық ба­сым көбімізде. Күнделікті тапқан ақшаға мәз болып жүргендер де жетерлік. Болашағын емес, бір күндік қарын тойғанды ойлайтындардың да саны азаяр емес.
Бейбіт күннің батырлары қандай қошеметке де лайық
Көзсіз ерлік, батырлық тек соғыс алаңында ғана болмайды. Бейбіт заманда да орын алады. Олай болса, өз өмірін басқа жанның ғұмыры үшін тәрк еткендерді ұмытпауымыз керек.  Ажалға қарсы тұрып, түрлі табиғи апатта жедел қимылдап, батылдық танытқандар арамызда жүр. Оларды ұлықтағанымыз абзал.
Асар деген дәстүр бар...
Нарық заманында бір-біріне ақысыз көмектесу деген күлкілі нәрсе сияқты болып бара жатқаны рас. Дегенмен бізде игі дәстүр бар, ол – асар. Яғни, көпшіліктің көмегін пайдаланып шөп шабу, егін жинау науқандарына, сондай-ақ үй салу сияқты ауыр жұмыста бірлесе көмек қолын созу. Халықтың қайырымдылығы мен ұйымшылдығын танытады. Бұл дәстүр қырғыз, қазақ, өзбек, тәжік, түркімен халықтарына ортақ, өте ертеде пайда болған...
Ғайбат пен айбат
Қазір жұрттың соңынан шам алып түсу әдет болып кетті ме дерсің. Біреу аяғын сәл шалыс басса болды, соның артынан қалмаймыз-ау, қалмаймыз! Түтіп жейміз. Ол туралы айтпайтынымыз жоқ. Аңдып отырамыз, сүрінсе екен деп. Өзіміз жығылып жатсақ та соған күлеміз! «Көңіл бір атым насыбайдан да қалады» деген сөзді ұмыттық-ау, сірә...
Қалтаны толтыруды білеміз ал сақтыққа неге салғыртпыз?
Үш ай жаз – балаларға қуанышты күндер сыйлайтын уақыт. Мектептегі соңғы қоңыраудан кейін, біреуі ауылдағы ата-әжесіне асықса, дала баласы қалаға жүгіреді. Бұл – ұмытылмас сәттер сыйлайтын кезең. Дегенмен ата-ананы уайымға салып қоятын да маусым...
Жұмыскер – құл емес, соны түсінер күн қашан туар екен?
«Заманың түлкі болса, тазы боп шал» дегенді алғышарт қылып ұстағандар бүгінгі күні заңды белшесінен басып жүр ме дерсің?! Екі күннің бірінде «құлдықта болдым» немесе «жалданып жұмыс істедім, келісілген ақшамды бермеді» дегендерді естіп жүргеніміз сондай, етіміз үйреніп, күнделікті жағдай ретінде қарай бастадық.