Гүлзина БЕКТАС

"Айқын" газетінің шығарушы редакторы

Авторлық мақалалар
Тура жолдан таймаған
Мәжіліс депутаты Қабиболла Жақып «соқтықпалы, соқпақты» жылдардан өтті. Құрылысшы қызметінен бастап, Қазақстан Парламенті Мәжілісінің төрағасы мәртебесіне дейін көтерілді. Өмірлік кредосы – туралық, тазалық.  Елдің экономикасы тұралап, саяси жүйе күйреп, халықтың тұрмысы мейлінше төмендеп, «балапан басымен, тұрымтай тұсымен» кеткен қиын уақыттарда талай жауапты қызметтерді атқарды. Өз ұстанымынан, адалдығы мен азаматтық қалыбынан еш уақытта айырылмады.
Дулат Исабеков: Ірілік қайда, ұлылық қайда?
Адам өзгерді ме, қоғам өзгерді ме? Қоғамды бұзатын не? Адам ба? Ниет түзу болса, ой сәулелі болса, заман өзгеруі мүмкін емес. «Өзгеріс ойдан басталады» деп жүр. Ойымызды түзеу үшін не істемек керек? Диоген қолына шам алып, базардағы адамдардың бетіне түсіріп жүр дейді. «Не істеп жүрсің?» десе, «Адам іздеп жүрмін» деген екен. Сол секілді «ойы да, ниеті де жақсы адам іздеп кетпейміз бе?» деген қауіппен сауалымызды жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Дулат Исабековке қойдық.
Азияның жүрегі соғып тұр!
«Әдебиет – ардың ісі». Солай болған, солай болады да. Қазақ әдебиетінің кешегісі, бүгіні туралы әңгіме көп. Ал ертеңі туралы бірнәрсе айта аламыз ба? Нұр-Сұлтанда басталған Азия елдері қа­лам­герлерінің І форумы осыны көздеп отыр. Форумның ашылу салтанатына қатысқан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Азия әдебиетін одан ары дамытудағы негізгі басым­дақтарды атауының сыры – осында.
Өмірлік миссияңды орындау – ең үлкен бақыт
«Математиканы бала кезден бойға сіңірген адам  қиындыққа төтеп бере алады әрі кез келген шындықты қабылдай алады» дейді Пьер Гассенди. Бұл сөздің  жаны бар. Математиканы бүге-шігесіне дейін игерген адамның өмір сүру философиясы алабөтен болатыны тағы рас. Мақсатқа жетудің түрлі жолы болады: бірақ соның бір ғана «жақсысын» таңдап алу мүмкін бе? Біздің кейіпкеріміз қай жолды таңдады? Бастан өткерген қиындықты қалай еңсерді? Математикалық дәлдікпен өмір сүру мүмкін бе? Бұл тұрғыда мемлекет қайраткері Жақсыбек Құлекеевтің өз айтары бар.
Соқпақбаевты ешкім алмастыра алмайды
«Бір елдің мәдениетін жою үшін алдымен оның кітапханасын құрту керек. Сонда халықтың мәдени өмірі өзінен-өзі сөніп қалады» депті академик Дмитрий Лихачев. «Құндылықтар жоғалған заманда кітап оқу мәдениеті де қалады» деген тәмсіл бар. Кім білсін?! Соңғы жылдары зерттеушілер бұл сөздің растығына көз жеткізіп келеді. Сонымен, кітап неге құндылық болудан қалды? Шын мәнінде, оқырман кітапханадан, кітап оқырманынан айырылып қалды ма? Сейсенбінің бүгінгі сауалы осындай!
Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз…
Арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты, қырандай күшті қанатты, мен жастарға сенемін! Мағжан ақын осылай жырлап еді. Биыл – Жастар жылы. Жас ғалымдардың еңбегі еленіп, өнері бағаланып жатыр ма?
Жәнібек салған ән қандай?!
Жәнібек Кәрменовті «ән академигі» атанған Жүсіпбек Елебеков үлкен сахнаға алып шықты. Жәнібек те Жүсекеңдей аяулы жанды әкесінен кем көрген жоқ. Түрлі ән мектебін зерттеп, зерделеп, ұлттық өнер көкжиегін барынша кеңейтуге тырысты.
Қос кесене неге зерттелмей қалды?
Әлеуметтік желідегі парақшасында Шыңғыс Бауыржанұлы: «Елімізде зерттелмеген тарихи құнды кесенелер бар. Олар: Ұлытау етегіндегі Жошы хан мен Алаша хан кесенесі. Екеуі де бір архитектуралық нысанда салынған.  
Ақ тер, көк тер – актер
Сенат отырысында Нариман Төреғалиев бастаған бір топ сенатор экс-премьер-министр Бақытжан Сағынтаевтың атына депутаттық сауал жолдаған еді. Сенатор қауымды толғандырған дүние – жас артистердің жалақысы мен баспанасы.
«Алмас қылышпен» келген «алтын тақ»
Қазіргі қазақ кино-көшінің жолы бір арнаға түсіп келе жатыр. Оған түсіріліп жатқан кинокартиналар дәлел. 2017 жылы прокатқа «Алмаш қылыш» кинодастаны шыққан еді. Ел елең етіп, жылы қабылдады.
Беттер: 1 2 Келесі