Халима ТӘЖІҚҰЛ

Авторлық мақалалар
Оқулыққа ақша қимаған әкімдер бар
Баянауыл ауданы мен Ақсу қаласында оқулық сатып алуға ақша салмаған, бірақ қызметтік тұрғын үйді жөндеуге қаражат қарастырылған. Бұл жөнінде Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов мәслихат депутаттарына есеп беру кезінде айтты.
Жаңадан 93 мың гектар жер игеріледі
Павлодар облысында  93 мың гектар жер ауыл шаруашылығы айналымына жіберіледі. Бұл жөнінде облыс әкімі Болат Бақауов мәслихат депутаттарының алдында есеп беру кезінде мәлімдеді.
Екінші индустриялық парк ашылады
Елордада екінші  Индустриялық парк ашу жоспарланып отыр. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов қала активімен өткен кездесуде айтты деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.  
Құжатсыз әкелінген тауар кері қайтарылды
Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кіріс департаменті мен   облыстық полиция департаментінің жол полициясы қызметкерлері  Қырғызстаннан құжатсыз тауар алып келіп жатқан  көліктерді кері қайтарды.  Бұл туралы   Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің  баспасөз қызметі хабарлады.
Халықаралық ұйымдар: ФЕТӨ – лаңкестік ұйым
Түркияның Қазақстандағы елшісі Невзат Уянык Түркияның Демократия және ұлттық бірлік күніне орай қазақстандық БАҚ өкілдеріне арнап баспасөз мәслихатын өткізді.  Есте болса, 2016 жылғы 15 шілдеде Түркияда Фетуллах лаңкестік ұйымы (ФЕТӨ)  төңкеріс  ұйымдастырып, ел іші алатайдай бүлінген еді. Содан бері өткен үш жылда Түркия билігі үшін ФЕТӨ-мен күрес негізгі басымдыққа айналды. Елшінің айтуынша, көптеген елдер мен халықаралық ұйымдар ФЕТӨ-ні лаңкестік ұйым деп жариялады.  
Инвестиция тартуға икемдіміз бе?
Былтыр жыл соңында еліміздің мемлекеттік басқару жүйесіне құрылымдық өзгеріс жасалды: Сыртқы істер министрлігіне Инвестиция тарту жөніндегі комитет пен «Қазақ Инвест» ұлттық компаниясы берілді. Сөйтіп, оған дейін бірнеше министрліктің құзіретінде болып келген инвестиция тарту ісіне Сыртқы істер министрлігі жауапты болып бекітілді. Бұл Экономика­лық ынтымақтастық және даму ұйымының талабына сай қабылданған шешім болатын.
Сот әділдіктің соңғы шегі ме?
Doing Business дүние­жүзілік рейтингінде сот процесіне қатысушыларға жағдай жасау бойынша әлемде төртінші орында екенбіз. Біздің алдымызда Оңтүстік Корея, Норвегия және Сингапур тұр. Соған қарамастан, жұрт тарапынан сот жүйесіне сын айту тоқтаған емес. Ел судьяларға сенуден қалды. Әр тараптың өз шындығы бар десек те, төрелігін айтар соттың шешімі айыптаушы мен айыпталушының көңілінен шықпайды. Судьялар заң тіліндегі шешімді оқиды да, күйіп тұрған жұмысы бардай сот залынан шыға жөнеледі. Ал тараптар судьяның өзі жариялаған шешімін қарапайым тілмен түсіндіріп бергенін қалайды. Мұның өзі сот жүйесін реформалаудың қажет екенін көрсетеді.

Бес әлеуметтік бастама: газдандыру барысы дұрыс па?
Бүгінде ел тұрғындарының 50 пайызға жуығы газбен қамтамасыз етілген. Өңірлер бойынша айтсақ, 9 облысқа газ тартылған. Ал еліміздің орталық және солтүстік өңірлері әлі де газсыз отыр. Тәуелсіздік алғаннан кейін елімізде газ өндіру жылына 8-ден 52 миллиард текшеметрге дейін артыпты, әлі де арта бермек. Себебі, елді газбен қамтамасыз ету жалғасады. Бұл жөнінде Елбасы  Нұрсұлтан Назарбаев былтыр 5 наурызда жариялаған «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы»   үндеуінде айтқан болатын.  
ASTANA FINANCE DAYS: Үздік қаржы платформасы құрылды
«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) ұйымдастырған Astana Finance Days  конференциясы шеңберінде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен АХҚО сотының ғимараты мен Халықаралық арбитражды орталығы ашылды.
Арыстық кәсіпкерлер салықтық демалысқа шықты
Арыс қаласының салық төлеушілеріне салықтарды өндіріп алудың мәжбүрлеу тәсілдері қолданылмайды.
Беттер: 1 2 3 4 5 ... 8 Келесі