Гүлнар ЖҰМАБАЙҚЫЗЫ

Авторлық мақалалар
Әлем әдебиеті теориясын қазақша оқимыз
М.Әуезов атындағы Әде­биет және өнер инс­ти­тутында Тұңғыш Президент – Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағ­дар­ламасы бағыттары­ның бірі – «Жаңа гума­ни­тар­­лық білім. Қазақ тілін­дегі 100 жаңа оқулық» жоба­сы ая­сын­да ауда­ры­лып ба­сылған әлем әде­бие­ті тео­риясының жинақ­тары таныстырылды.
Оқыту мен тәрбиелеудің заманауи тәсілі
«Өрлеу» БАҰО» АҚФ Алматы қаласы бойынша ПҚ БАИ «Ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды оқыту мен тәрбиелеудің заманауи тәсілдері» атты республикалық онлайн семинар ұйымдастырды. Семинар жұмысына «Өрлеу» БАҰО» АҚ өңірлік филиалдары мен жоғары оқу орындарының педагог-ғалымдары, Алматы қаласының психологтары, логопедтері және институт ұжымы қатысты.
Бәсекеге қабілетсіз банк кімге керек?
Қаржы секторында біраз өзгеріс болып жатыр. Әсіресе, банк саласындағы бірігу процесі әрі қарай жал­ғасып келеді. Сарап­шылар алдағы уақытта еліміздің қаржы нарығында шамамен 23-24 банк қалады деген болжамын да айтып үлгерді. «Банктердің ықшамдалуы қаншалықты тиімді?» деген сауалды қаржыгер Ілияс Исаевқа қойған едік.
Смағұл ЕЛУБАЕВ: Ашаршылық – демографиялық апат
Мұхтар Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты мен Алматы қалалық әкімдігінің ұйымдастыруымен Р.Бердібаев атындағы халық университетінде кезекті дәріс өтті. Жазушы, кинодраматург, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Смағұл Елубаев «Нәубет жылдар шежіресі: тарих және көркем шындық» тақырыбында дәріс оқыды. Қаламгер «Ақ боз үй» романы арқылы Кеңес Одағының қылышынан қан тамып тұрған кездің өзінде осы тақырыпқа қалам тербеп, ел ықыласына бөленген. Жарты ғасырға жуық уақыт осы тақырыпты терең зерттеп келе жатқан Смағұл ағаның ойларын оқырманға жеткізгенше асықтық.
Мектеп түлегіне көрсетілген құрмет
Алматыдағы Абай атын­дағы Республикалық маман­дан­дырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интер­нат­та осы білім ордасының түле­гі, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы болған, Қорғаныс министрлігінде жауапты басшылық қызмет атқарған, кейін Ұлттық қауіп­­­сіздік академиясын бас­­қарып, қазір Орталық Азия­дағы халықаралық есірткіге қарсы күрес орта­лы­ғы директоры­ның орынба­са­ры қызметін атқарып жүрген кәсіби маман, генерал-лейтенант Әділ Шаях­метовке арналған алғашқы әскери дайындық сыныбы ашылып, «Ұлы дала қыраны» атты арда азаматтың өмір тарихынан сыр шертер кітаптың тұсауы кесілді. Сонымен қатар мек­теп қабырғасына Әділ Шаях­ме­тов­тің өнегелі өмірін жас буынға үлгі ету мақсатын­да «Тамыры терең тектілік» тақырыбындағы стенд ілінді.
Ынтымақтастық жөніндегі басқосу
Алматыда Қазақстан Республикасы Парла­мен­ті­нің Сенаты мен Ресей Фе­дерациясы Федерал­дық Жиналысы Федера­ция кеңесі арасындағы ­Ынты­­мақтастық жөніндегі ко­мис­сияның 14-отырысы өтті.
Асанәлі ӘШІМОВ, Қазақстанның Еңбек Ері: Осы сұрақтың жауабын таба алмай жүрмін...
М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты директоры Кенжехан Матыжановтың ұйытқы болуымен Р.Бердібаев атындағы «Халық университетінің» кезекті дәрісін «Заман және замандастар»: Ш.Аймановтан – А.Әшімовке дейін» тақырыбында Еңбек Ері, Қазақстан және КСРО халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Асанәлі Әшімов жүргізді. «Алаштың Асанәлісі» деген құрметті атқа ие болған аңыз да абыз ағамыздың ойларын оқырманға ұсынып отырмыз.
Еуразия аумағына ықпалы зор форум
Алматыда XVI Еура­зия­лық медиа форумы өтіп жатыр. «Бүгінгі әлем: шына­йы­лық трансформа­циясы ма?» тақырыбына арналған халықара­лық жиынға Сенат спикері, форумның негізін салушы Дариға Назарбаева қатысты. Шара шымылдығы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау сөзімен ашылды. Ресми хатты Ақпарат және коғамдық даму министрі Дәурен Абаев оқып берді. Онда: «Бұл форум –халықаралық, аймақтық деңгейдегі қордаланған мәселелердің мәні мен мазмұнына үңіліп, себебі мен салдарын анықтауға мүмкіндік беретін маңызды алаң. Еуразия қоғамы үшін өмірлік маңызы зор ауқымды шараға айналды.
Майлинге арнап марка шығарды
«Қазпошта» АҚ көрнекті жазушы, қазақ әдебиетін қалып­тастырушылардың бірі, ақын әрі драматург Бейімбет Май­линнің 125 жылдығына ар­нап 5 миллион дана пошта мар­касын шығарды. Авторы – «Қазпошта» АҚ техникалық редакторы Іңкәрімай Оңғарбай. Марканы таныстыру рәсіміне белгілі тұлғалар, БАҚ өкілдері мен жазушының ұрпақтары қатысты.
Тауық етін қашанғы місе тұтамыз?
«Заманына қарай адамы» демекші, ет атаулыны аузына алмайтын вегетариандар, тек құс етін місе тұтатындар қатары көбейіп келеді. Бұл етсіз тамақты асқазаны онша қабылдай бермейтіндердің шынымен азайғаны ма, әлде қалта көтермегендіктің салдары ма? Сарапшылар мұны адамдарда қимыл-қозғалыстың аздығына байланысты деп те топшылайды. Қайсысы шындыққа жанасады? Бұл арнайы мамандардың еншісіндегі мәселе. Ал біз елдегі ет өндірісі жайына аз-кем сараптама жасап көргенді жөн санадық.
Беттер: 1 2 Келесі