Нұртөре ЖҮСІП

Нұртөре ЖҮСІП

"Aiqyn" газетінің Бас редакторы

Авторлық мақалалар
Қазаққа кім қорған?
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Арыс қаласында болған оқиғамен танысу үшін Түркістан облысына ұшып барды. Президент оқиға орын алған бетте Қорғаныс, Ішкі істер министрлеріне және Түркістан облысының әкіміне Арыстағы жарылыстың зардаптарын жою жөнінде шұғыл шаралар қабылдауды, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді және жарылыстың себептерін анықтауды тапсырған болатын.
Білгеннің болмас артығы
Пәлекет деген аяқ астынан болады. Арыс қаласында орналасқан әскери бөлімшенің қоймасында қатты жарылыс болды. «Түркістан облысы Арыс елдімекені маңында орналасқан Қазақстан қарулы күштері бөлімдерінің бірінде өрт шығып, соның салдарынан әскери оқ-дәрі жарылған. Келіп түскен ақпарат бойынша, зардап шеккендер жоқ. Оқиғаның себебі анықталып жатыр», – деп хабарлады Қазақстан қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Тартоғайдың тарланы
Екеуміз бір ауданнанбыз. Екеуміз де Қазақ ұлттық университетін бітірдік. Екеуміз де журналистік еңбек жолымызды Арқа өңірінен бастадық. Екеуміз де Президент сыйлығының лауреатымыз.
Екеуміз де қолға қалам алғанды мұрат тұтқанбыз. Екеуміз әлі жазып келеміз...
Тазалық – тілден, кім бар оны білген?
Осы күні тіліміздің шұбарланғаны сондай: Қаз дауысты Қазыбек, Төле би мен Әйтеке билер тіріліп келсе, қазіргі қазақтың сөйлеу қалыбын көргенде қу жанынан түңілер ме еді; түрлі кірме сөздермен әбден қойыртпақ болған қайран тілдің жайына қарап, қорланар ма еді; түйдек-түйдек шешендік тіркес­тердің орнына, түсініксіз, ұғынықсыз, ұсқынсыз қаншама сөздердің қаптап кеткенін көріп, қамшыларын екі бүктеп атып ұрар ма еді, кім білсін?!.
Қой өсір – табысы көл-көсір
Кейде Қазақстанның сыртқа шығаратын қандай өнімі бар деген сауал кеуделегенде ойланып қалатын едік. Біздің елдің экспортқа шығаратын өнімдері көбейді. Биыл еліміздің «Оптоград» дейтін сауда компаниясы Біріккен Араб Әмірлігіне қой етін жеткізді. Әлемдік нарық есігіне бұрын сығалап қарайтын болсақ, бұл заман еркін сауда жасай бастадық.
Қазақ киносы қайда барады?
Түркияның «Қайта тірілу: Ертұғырыл» атты телехикаясы («Жаужүрек Ертұғырыл») Осман империясының құрылған дәуірін кеңінен көрсетеді. Түркістан облысына танымал  режиссер, «Ертұғырыл» сериалының авторы әрі режиссері Гюнай Метин келіпті. Кейде шет елдерден пәленбай мың долларға спортшы шақырғаннан гөрі осындай мықты мамандарды тартып, ұлттық фильмдер түсіріп алған жақсы ма деп ойлайсың.
Кеңескенге не кінә?
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлықтау рәсімінде Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан Ұлттық қоғамдық сенім кеңесін құру туралы шешім қабылдады. Жаңа орган билік пен қоғам арасында диалог орнату үшін құрылады. Қазір әлеуметтік желіде «Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі немен айналысады, оның құрамына кімдер кіреді, кеңес не шешеді?» деген мәселелер қызу талқыланып жатыр.
Қадір мен қасиет
Мемлекеттік қызметке жастардың жаңа толқыны келе бастады. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұлықтау рәсімінде жастарға көбірек иек артатынын мәлімдеген еді. «Сөз бергеннен, іс атқарған қайырлы» деген ұстанымды ұстанған Мемлекет басшысы 300 адамнан тұратын кадрлар резервін қалыптастыратынын мәлімдеген болатын. Мұның бәрі – қазақтың «Жас келсе – іске» деген даналық өлшеміне сай әрекет.
Баға жетпес бір құндылық
Өмірде бірқатар құндылықтар бар. Қоғам үшін ең басты құндылықтың бірі – сенім. Кез келген іске, тірлікке, қарым-қатынасқа, шаруаға, әрекетке сенім керек. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұлықтау рәсімінде Ұлттық қоғамдық сенім кеңесін құратынын жариялады.
Намыс
Әйгілі «Қара сөздерінде» Абай атамыз қазақтың екі түрлі мінезін айрықша атайды. Отыз тоғызыншы сөзде «Екінші мінезі – намысқорлық екен. Ат аталып, аруақ шақырылған жерде ағайынға, өкпе, араздыққа қарамайды екен, жанын салысады екен» дейді. Осы намысқорлық мінез қазақтың елдігін танытуға, ел мерейін үстем етуге әбден керек-ақ нәрсе.
Беттер: 1 2 3 4 5 Келесі