Інжу БАЛТАБЕКҚЫЗЫ

Авторлық мақалалар
Универсиада жеңімпаздарымен жүздесті
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов XXX Дүниежүзілік жазғы Универсиадада xалықаралық деңгейде ел намысын қорғап, көк байрағымызды көкке көтерген спортшыларға алғыс білдіру және қолдау көрсету мақсатында Универсиада ойындарының жеңімпаздары және жүлдегерлерімен кездесті. Кездесу барысында министр жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне, спортшылардың ата-аналары мен бапкерлеріне алғыс хаттар табыс етті.
Жастар жылындағы жеңіс легі
Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова «Славян базары – 2019» байқауының Гран-при иегері Әділхан Макинмен кездесіп, жеңісімен құттықтады.
Жаңа міндеттер талқыланды
Қызылорда облыстық мәслихаттағы Nur Otan партиясы депутаттық фракциясы отырысында партияның алдына қойған жаңа міндеттері талқыланды.
Асанәлі Әшімов: Бүгінгі қазақ киносында шедевр әлі жоқ
Кино – сан алуан тағдыр мен өмірдің аумалы-төкпелі келбетін, кешегі бабалар жүріп өткен күннің тарихын, әртүрлі рең мен көңіл күйді бір жерде тоғыстырып, тұтас бір картина келбетіне келтіретін өнер. Кино – өмір. Ондағы кейіпкер – күнделікті өмірдегі қарапайым адам. Ондағы сюжет – айналадағы  қу тіршілік. Айта кетерлігі, қазақ елі бұл өнерде де ілгері жылжып, әлемге кино арқылы «Жаны жайсаң қазақ – міне» деп айтып та жүр. Оның дәлелі – елорданың төрінде өткен «Еуразия», дәстүрлі «Шәкен жұлдыздары» кинофестивальдері. Бұл сөзімізбен қазақ киносының корифейі Асанәлі Әшімов те келісіп отыр. Халықаралық «Еуразия» кинофестивалі аясында аңыз адаммен сұхбаттасу сәті бұйырып, кино жайлы әңгіме өрбіген еді.  
«Еуразия» басталды
30 маусым «Қазақстан» орталық концерт залында Халықаралық «Еуразия» кинофестивалінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Аталған шара биыл он бесінші мәрте өткізіліп отыр. Салтанатты рәсімде отандық және шетелдік кино жұлдыздары қызыл кілеммен жүріп, естелік суретке түсті.
Ауылға салған тиын – теңге болып қайтады
Ауыл... Осы сөзді естігенде ойыңызға не келеді? Көбіне балалық шақ, әжеміздің ыстық наны мен сары майы, ұшы-қиыры жоқ жайлау елестейтініне шүбә келтірмейміз. Ал, ең бастысы, ауыл – үйір-үйір жылқысымен, өріске  табын-табын қара малды еріткен бақташысымен, көктеммен жарыса келген жаңа жылдың төлімен ыстық. Ауылдың тіршілігі таңның алғаш атқан сәтімен басталып, күн батқанша тыным таппайды. Бұндағы өмір – қызу. Иә, ауылды бұндай тіршіліксіз, қора толы малсыз елестету өте қиын. Себебі, мал шаруашылығы – біздің ата кәсібіміз. Бұл – қазаққа ата-бабаның қанымен дарыған кәсіп. ХХІ заманауи ғасыр көшінде де ол өз маңызын жоғалтпады. Бүгінде мемлекет тарапынан да ауыл шаруашылығын жандандыруға бағытталған түрлі бағдарлама бар. Бүгін сол туралы ой өрбітіп, ауылдық жерде кәсібін дөңгелетіп отырған кәсіпкерлердің тыныс-тіршілігінен мысал келтіретін боламыз.