Серікбол ХАСАН

"Айқын" газеті Бас редакторының орынбасары

Авторлық мақалалар
Қазтуған мен Шалкиіз қай ғасырдың жырауы?
Қазтуған Сүйінішұлы мен Шалкиіз Тіленішұлы – тек қазаққа ғана емес, ноғай, қарақалпақ, башқұртқа да ортақ тұлғалар. Дегенмен жыраулар туралы деректер оқырманды екіұшты ойға жетелейді. Себебі, екі жыраудың ғұмыр кешкен кезі әр жерде әрқалай беріліп жүр.
Әдебиет қамқоршысы Әбубәкір
Башқұрттың белгілі этнограф-ғалымы Әбубәкір Диваевтың (1856-1932) қазақ жұрты үшін қылған еңбегі ұшан-теңіз. Ол, әсіресе, дүниетанымымызға, ауыз әдебиетімізге қатысты қымбат қазынаны аршып, айдай әлемге танытты. Мағжан Жұмабаев айтқандай, «Әбубәкір ақсақал – қазақ-қырғыз елімен қаны дәл бір болмаса да, жанын бір қылып, шамасы келгенше еңбек қылған адам».
Олар қазақты қалай оятты?
Қайбір күні түркиялық профессор Hülya Kasapoğlu Çengel-дің түркі әдебиетіндегі «оян» мотиві туралы айтқан ой-пікірі әлеуметтік желілерде желдей есіп кетті.
«Халық жауы» балалары қан майданда қандай ерлік көрсетті?
Екінші дүниежүзілік соғыс қаншама қазақтың басына қайғы-қасірет әкелді. Бұл қанқұйлы соғысқа «халық жауының» балалары да қатысты. Олардың соғысқа сұранғандағы бар мақсаты жазықсыз жапа шегіп, атылып кеткен әкелерін ақтау болатын.
Жамбылдың ұлы Алғадай Мәншүк сияқты мерт болған
Жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың Момын, Талжібек, Қанымжан деген үш әйелінен он ұрпақ тарады. Момыннан – Қожақ, Әйімхан, Қожаш, Қожамберді, Күлтай, Талжібектен – Аққұлы, Ақбала, Қанымжаннан Алғадай (1900-1943), Ізтілеу (1906-1944), Шыныбай (1909-1933), Тезекбай (1913-1986) туған. Осының ішінде Қанымжаннан туған екі ұлы Алғадай мен Ізтілеу қан майданнан оралмаған. Алайда Алғадайдан Таубай мен Қуаныш, Ізтілеуден Жеңісхан деген ұл қалған. Жамбыл ұлдарының ішінде біздің білетініміз – Алғадай.
Абай комитетте не істеді?
Заманында Семей өңірі Патша үкіметінің колониялық өлкелерінің бірі болғаны баршаға аян. Бұл қалаға Ресейдің түкпір-түкпірінен «саяси қылмысы» үшін айыпталғандар жер аударылды. Олардың Семейге келуі бір жағынан жұғымды болды. Қуғындалған қайраткерлер қол қусырып қарап отырмай, аймақтағы мәдени һәм ғылыми орталықтардың, түрлі ұйымдар мен мекемелердің құрылуына атсалысты. Сондай мекемелердің бірі 1878 жылы іргесі қаланған Семей облыстық Статистикалық комитеті болатын. Статистикалық комитет не үшін құрылды? Ол қандай қызмет атқарды? Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлы бұл комитетте не істеді?