Тельман БЕЙСЕНОВ

Авторлық мақалалар
Мәжіліс депутаты Төлебиге барды
Түркістан облысында жұмыс сапарымен жүрген Парламент Мәжілісінің депутаты, Nur Otan партиясы фракциясының мүшесі Фахриддин Қаратаев облыс орталығы мен Кентау қалаларынан соң Төлеби ауданына ат басын тіреді. Мәжіліс депутаты іссапар барысында алдымен Төлеби ауданындағы жеке кәсіпкер «Меруерт» жиһаз өндіретін кәсіпорын жұмысымен танысты.
100 мың теңгені кім алады?
Арыс жағдайы бойынша Үкіметтен қолдауға берілетін қаржыны қай ауылдар алатыны белгіленді. Атап айтқанда, аталған өтемақы қаржысы Арыс қаласы мен іргесіндегі үш ауылдың тұрғындарына беріледі.  
Арыс: мыңнан астам үй жөнделді
Бүгінде Арысты қалыпқа келтіру бағытындағы құрылыс қарқынды жүріп жатыр. Мәселен, қазіргі таңда қалада нақты 1091 үйдің жұмысы толық аяқталған. Сондай-ақ 4362 үйдің құрылысы және жөндеу жұмыстары атқарылып жатыр.
Арзан бағадағы жәрмеңке
Бүгінде Арыс қаласын тез қалпына келтіру мақсатында түрлі бағытта жұмыс жүріп жатыр. Тек қана жанданған құрылыс жұмыстары емес, халық­тың тұрмыс-тіршілігіне де баса назар аударылып, әлеуметтік қолдау жасалуда. Осыған орай, бүгін қалада екі жүз тоннадай ауыл­шаруашы­лық тауарлары арзан бағаға берілген  жәрмеңке ұйымдастырылды.
Арыс қалпына келеді
Шіліңгір шілдедегі ауа-райының  аптап ыстығына қарамай, Арыс қаласын қалпына келтіру жұмыстары қызу жүріп жатыр. Атап айтқанда, бігінгі таңда қаладағы 676 тұрғын үйді жөндеу жұмыстары аяқталған. Сондай-ақ  бүгінгі таңда қала тұрғындарына әлеуметтік көмек көрсету бойынша аз қамтылған және көпбалалы 650 отба­сы­ға атаулы әлеумет­тік көмек тағайындалып, төлем жүргізілген. Бұл туралы  Премьер-министр Асқар Маминнің Арыс қаласына жасаған сапарында мәлім болды.  
Арыс: тағы жарылыс, бірақ алаңдауға негіз жоқ
Бүгін Арыстағы әскери арсеналға іргелес аумақта оқ-дәрі жарылып, нәтижесінде өрт шықты. Тілсіз жау әскери өрт сөндірушілер күшімен сөндірілді. Жапа шеккендер жоқ. Бұл туралы Арыс қаласында өткен брифингте ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Бақыт Құрманбаев айтып өтті.
Арыстағы апат: 185 үй толық жөнделді
Шіліңгір шілденің ыстығына қарамай маңдай терін төгіп, атқарған ерен еңбектің арқасында аз уақытта Арыс қаласында 181 үй толық жөнделді.
Арыс: әрбір сектордың жұмысы жіті қадағалауда
Арыс қаласындағы жөндеуді қажет ететін үйлерді қайта қалпына келтіру жұмыстары бойынша әрбір штаб онлайн жүйеде есеп беріп отыратын болды.  Облыс басшысы Ө.Шөкеевтің тапсырмасы осындай. Әкім сондай-ақ құрылыс жұмыстары сапалы әрі уақытында атқарылуы керегін де шегелеп айтты.
Түркістандық шаруалар егінге орақ салды
Биыл Түркістан облысында жауын-шашын молынан болды. Осыған орай егінде бітік өскен. Қыс қамын жаз ойлаған шаруалар егінге орақ салып, қамбаларын толтыруға кірісті. Атап айтқанда, Қазығұрт ауданының шаруалары егілген жаздық бидайды оруды бастады. Шаруашылықтар масақты дақылдардың әр гектарынан орташа 21,2 центнерден алуды жоспарлар отыр.
Беттер: 1 2 3 4 5 6 Келесі