Жадыра АҚҚАЙЫР

Авторлық мақалалар
Мәртебеңіз биік болсын, мұғалім!
Мұғалімнің мәртебесі, жалақысы, білім беру жүйесіндегі өзгерістер талқыланатын дәстүрлі Тамыз конференциясы өтті. Нұр-Сұлтан қаласының Бейбітшілік сарайына еліміздің түкпір-түкпірінен 2 мыңнан астам ұстаз жиналды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының қатысуымен өткен іс-шарада жағымды жаңалық жетерлік.
Президенттің қатысуымен тамыз конференциясы өтіп жатыр
Нұр-Сұлтан қаласындағы Тәуелсіздік сарайында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Тамыз конференциясы басталды.
Балалар қайда демалды?
Соңғы қоңырауды балалар тоқсан күндік демалыс үшін асыға күтеді. Құдды қол-аяғы байлаулы, ауыр жұмыстан шаршап жүрген екен дерсіз. Негізі, балаңызға жазғы демалысты жоспарлаудың маңызы зор. Бүгінде бос уақытты тиімді пайдаланудың түрі де мол. Ата-аналармен тілдесе отырып, балаларының биылғы жазды қалай өткізгенін білдік. Бірі ауылға барса, енді бірі медреседе сауат ашыпты. Америкада тұратын кейіпкеріміз де жергілікті халықтың тәжірибесі туралы әңгімелеп берді.
Мектепке бала сыймайды, оқулық тағы қинайды
Жақында Нұр-Сұлтан қаласы­ның әкімі Алтай Көл­гі­новтің жетек­шілігімен инвестиция мәселелері бойынша аймақтық үйлестіру кеңесі өткен болатын. Қала басшысы білім саласына құйылатын қаражаттың маңызы зор екенін атап өтті. Мәселен, елорда мектептерінде 20 мың орын жетпейді. Сондай-ақ үш ауысымда оқытуға мәжбүр болып отырған 8 мектеп бар. Білім саласындағы бұл мәселе тек бас қалада ғана емес, өзге облыстарда да шешілмей келеді. Жаңа оқу жылы болса, басталуға жақын қалды. Түйткілдің тағы қандай түрлері бар, оларды реттеу үшін қандай шаралар қолға алынып жатыр?
Қажылар Мина жазығына жайғасты
Мекке қаласына парызын өтеуге келген 3200 қажы қасиетті шаһардың іргесіндегі Мина жазығына толықтай орналасты.
Мұсылманның бас сапары басталды
Бүкіл әлем мұсылман­дарының басы қосылып, бірліктің керемет көрінісіне куә ететін қажылық айы басталды. Қажылардың алғашқы тобы 30 шілдеде сапарға аттанған болатын. Парызын өтеушілер Қазақстанға 17-23 тамыз аралығында оралады. Биыл отандастарымызға жалпы саны 3 200 квота бөлінген.
Кәсібін тапқан киімнен
Сән индустриясы үнемі түрленіп тұрады. Трендке ілесемін деп кәсіпкерлер де бизнесінің бағытын басқа арнаға бұруға даяр. Соңғы кездері мұсылмандарға арналған киімдер, аксессуарларға сұраныс жоғары. Бір қызығы, жабық әрі ұзын көйлек киюге діні бөлек болса да, біраз сәнқой қыздар құмар. Әйелге тән нәзіктік сыйлайды деседі. Мұсылмандарға арналған киімдерді заманауи үлгіде ұсынуды бастаған жас кәсіпкер Исмаил Құланның бұл жобаны қолға алғанына көп бола қоймады. Әзірге сатылымда футболка, эко-сөмке, баскиімдер бар.
Қызым, қасыңдағы адамдар қандай?
Таңдау құқығы бар дүниенің бәрі жақсы. Қолайың мен ыңғайыңа қарап, талғауға рұқсат. Соның ішінде, билет аларда жынысына қарай орын алуға мүмкіндік туса, тіпті құба-құп. Мейлі пойыз не автобус болсын, мінерде көршіңнің ер не әйел екенін алдын ала білген дұрыс. Мұндай ұсыныс бірлі-екілі көтеріліп, жазылып жүр. Қазіргі Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі былтыр мұндай бастаманы көтерген еді. Әйтсе де, сол ұсыныс аяқсыз қалды. Зорлық-зомбылықты азайту үшін ғана емес, жолаушының қолайы үшін қызметтің осы түрі қосылса неткен ғажап болар еді?! Әрі ата-ана баласы үшін «қызым, қасыңдағы адамдар қандай?» деп уайымдаудың да қажеті болмайды.
Қорықшыға қорған болар заң қайда?
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен қызметтік борышын атқару үстінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК Орталық өңірлік филиалының инспекторы, марқұм Қаныш Нұртазинов – І дәрежелі «Айбын» орденімен және осы мекеменің тағы бір инспекторы Самат Оспанов ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды.
Күні кеше браконьерлер қолынан инспектор қаза тапты. Мұндай қайғылы жағдайдың қайталанып отырғаны – табиғатты қорғаушылардың өзін қорғайтын заңды күшейту керегін сөзсіз-ақ көрсетіп отыр. Ақбөкен аңдыған қаскөйлердің қылмысы бір отбасының тірегінің тағдырына балта шауып отыр. «Охотзоопром» инспекторы Қаныш Нұртазинов оқиға орнында қаза тапса, әріптесі Самат Оспанов ауыр халде ауруханаға жеткізілген.
Қауіпсіздік сертификаты: қорған ба, қора ма?
Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындарына Теле2 және Altel операторлары таратқан SMS-хабарлама ел ішінде қызу талқыға түсіп жатыр.
Беттер: 1 2 3 Келесі