Елордада «әскери керней» дәстүрлі фестивалі басталады
Бүгін  Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының жүлделері үшін әскери оркестрлердің VІІІ халықаралық әскери-музыкалық «Әскери керней» дәстүрлі фестивалі өтеді. Халықаралық деңгейдегі бұл фестиваль Елорда күніне және Қазақстан полициясы күніне арналады деп хабарлайды Ұлттық ұланның баспасөз қызметі.
«Мемлекеттік тіл және БАҚ» жеңімпаздары марапатталады
Елордада Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күніне орай Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі А.Райымқұлованың қатысуымен 21 маусымда «Мемлекеттік тіл және БАҚ» республикалық конкурсының қорытынды салтанаты өтеді. Сондай-ақ 2019 жылғы мәдениет, спорт, туризм, тіл салаларын бұқаралық ақпарат құралдарында жан-жақты насихаттауға үлес қосқан журналистерді марапаттау рәсімі өткізіледі.
Абай және Алаш
Кеше Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы «Руханият» орталығының ұйымдастыруымен «Алаш алқасы» ғылыми-танымдық интелектуалды жастар клубының кезекті отырысы өтті.
Шеберлер байқауы
Түрістан облысының 1 жылдық мерейтойына арналған Turkіstan ART fest жас дизайнерлер, суретшілер мен мүсіншілер, сәулетшілер, зергер және қолөнерші жастар арасында облыстық байқау өтті. Байқауда өңірдің  өнерлі жастары өздерінің қолынан шыққан 100-ден астам туындысын көрмеге қойды.
Түбі түркіні топтастырған ойын
Жайдарман – қазақ елінің ғана емес, әлемнің түркітілдес мемлекеттері жастарының басын қосатын жоба. Осы мақсатты негізге алып, Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық даму істері басқармасы мен «Қазақстан КВН одағы» республикалық жастар қоғамдық бірлестігі фестиваль ұйымдастырды. Жылдағы дәстүрден жаңылмай, көршілес мемлекеттің жайдарман­шыларын қонақ ететін бұл жобаға қатысушылар саны да артып келеді.
Тау тұлғалы жазушы
Көрнекті жазушы,  ҚР еңбек сіңірген қайраткері, баспагер-ғалым, доцент Тұрлыбек Мәмесейіттің 70 жыл­дық мерейтойына орай  Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Заман және қаламгер: әдебиет пен журналистиканың жаңа міндеттері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Ұлт қызметшісіне құрмет
Өрімдей кезіңде өмірдің өткелінде жолығып, қол ұстасып қатар ғұмыр кешіп, достық бауырластыққа ұласқан шақта ондай замандасыңнан көз жазып қалу оңай болмайды екен. Сондай арда азаматы­мыздың бірегейі Ербол Шәймерденұлы мына фәни дүниеден бақи дүниеге аттанғалы да жеті жылға таяп қалыпты. Бірақ артында Абай айтқандай, өлмейтін сөзі, өшпейтін көзі қалды. Тәубе сөзі жұртқа жетіп, ұрпағына үлгі болып келеді.
Қазақша дубляжға 4 миллион доллар жұмсалған
Бұл жайында «Болашақ» корпоративтік қоры қамқоршылық кеңесінің төрайымы Динара Шайжүнісова хабарлады.
«Астана операда» – елес қыздар
«Астана операның» балет труппасы екі ғасырлық тарихы бар ең көне   спектакль – А.Аданның «Жизель» балетін ұсынды. Балет премьерасы 1841 жылдың 28 мау­сымында париждік Гранд-операда өткен. Ж.Коралли,  Ж.Перро, М.Петипаның өмірге әкелген қойылымы олардың есім­де­рін әлемдік балет тарихына ен­гізді. Балеттің негізгі   идеясы –­ өлімнен де құтқаруға қабілеті бар орасан зор құдіретке ие махаббат.
Сенатор жүрген соқпақ
Рысқали Әбдікеровті Компартияның «інісі» комсомолда қызмет етіп жүрген кезінен білемін. Жезқазғанда, Жездіде жетекшілік қабілетімен көзге түсті. «Пысық. Еті тірі. Аман болса бір жерден шығады» дейтін білгіштер.
Беттер: 1 2 3 4 5 ... 15 Келесі